Иә, Массагеттемін...

Иә, Массагеттемін...

Жалпы адамның өмір сүру хауасының ішіндегі қызықты дүниелер ерекше бір тосын жайттарға  толы болады.

Бүгін алып ұшып,  дипломдық жұмыстың тапсырмасымен өзіміздің «Әл-Фараби кітапханасына» тартып тұрдым. Ішіне мың рет кіріп, мың рет шығып жүрсем де, бірінші рет келіп отырған адамдай түр таныттым. Енді жалығып кетпейін дегенім. Керек залға барып, өзіме керек кітапты іздеуге тапсырыс беріп жатқаным сол еді, қасыма келген қыздың: « Массагет.кз сайтында жұмыс істейсіз бе?» дегені бола ма... Тіпті «точка кизет» деп тұрып атады ғой. Түрім сондай бір мекемеде жұмыс істейтін адамға ұқсайма қалай деп, ыммен бетіне қарап тұрып едім,  қолымда тұрған кеше ғана Шерхан Талаптың өзі «Үздік блогшым-ей» деп әкеліп берген сыйлығы – қатира екен. Оны ұмытып кетіппін. Айтпақтай, қатира деген – блокнот. Содан кейін, ойланбастан тұрдым да...

... «Иә, дәл солай. Мен сонда жұмыс жасаймын. Бізде сондай тамаша ұжым. Тіптен, бір-бірімізбен тығыз қатынастамыз. Біздің жұмыс ауыр әлде жеңіл білінбейді. Күніне неше түрлі жаңалықтар салып, олары реттеп отырамыз. Таңның атысы мен кештің батысы біз үшін маңызды емес кей кезде. Біздің сайттың оқырманысыз –ау... әйтпесе біле де бермес едіңіз. Жалпы солай. Мынау жұмыстың берген қатирасы ғой. Қызықты әрі жақсы сұхбаттарды жазып алуға ыңғайлы деп бергені. Шынымен, көзіңіз түссе біреуін ертең жұмыстан әкеліп берейін. Жалпы мен...» дей  беріп едім, сөзімді  «Міне, сіздің іздеген  кітабыңыз» деген кітапханашы қыздың дауысы бұзып жіберді. Сағатыма қарасам, қыз менен сол сұрақты қойған уақыт пен мен оған жауап беруге ыңғайланған аралық 2 секунт болыпты. Адамның қиялының жүйріктігі-ай. 2 (екі) секунттің ішінде осы дүниелерді қызға айтып үлгермесем де, ойлап үлгердім. Қиялымдағы жауапқа өзім іштей мақтанышпен қарадым да, қызға қарап:

-         Жоқ,  онда жұмыс жасамаймын деп, бұрылып кеттім.

Қиялдауға әркімнің хақсы бар!

Марғұлан АҚАН



Бөлісу: