Хош иістер туралы

Хош иістер туралы
жеке
блог

Хош иіс тәрізді ештеңе сезімді оятпайды. Ол тамаша естеліктер шақырады, еліктіріп, ғажайып елге сапар шектіреді – тек қиялға берілсең болғаны. Осылайша көптеген хош иістер дезодоранттар мен денеге арналған кремдермен толықтырылған.Ғасырлар бойы хош иісті зат саудасын көбіне араб саудагерлері қадағалап отырды. Олар Азиядан кассия және даршын сияқты өнімдердің жалғыз тасымалдаушылары болды. Арабтар Жерорта теңізінің маңында тұратын халықтардың Шығыстағы елдермен тікелей сауда жасағанын қаламады, өйткені хош иісті өсімдіктердің бай қоры сол Шығыстағы елдерде болған еді. Сондықтан олар мұндай заттарға қол жеткізуді оңай емес етіп көрсетіп, елді қорқытатын неше түрлі аңыз әңгімелер таратты. “Хош иісті өсімдіктер жайлы кітап” деген еңбекте айтылғандай, жұпар иісті өсімдіктердің шынымен қайдан алынатыны адамзат тарихындағы ең жақсы сақталған құпия болған көрінеді.Сонда арабтар қандай аңыздар таратты? Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Геродот сондай әңгімелердің кейбірін баяндаған еді. Аңыз бойынша, жыртқыш құстар қол жетпес биік жартастарға даршын қабықтарынан ұя салыпты-мыс. Осы құнсыз даршын қабықтарын алу үшін адамдар жартастың түбіне молынан ет қойған екен. Құстар ашкөзденіп ұяларына мүмкіндігінше көп ет таситын. Содан еттің ауыр салмағын көтере алмаған ұя жерге құлап түсетін. Осы уақытта адамдар даршын қабықтарын жылдам жинап алып, оларды саудагерлерге сататын. Мұндай әңгімелер ел арасында кең тарады. “Хош иісті өсімдіктер жайлы кітап” деген еңбекте айтылғандай, даршынды жинау осыншалықты “қиын” болғандықтан, оның бағасы да өте қымбат болатын.Әйел хош иістің күшін біледі. Тіпті ең қарапайым деген хош иістің өзінің шлейфі тамаша нәрселерді еске түсіре алады. Сүйікті жұпар – бұл қарапайым эфир майларынан және хош иісті қосындылардан артығырақ нәрсе. Бұл әйел тұлғасының, оның көңіл күйінің және жеке стилінің бейнесі. Сондықтан да кез келген жағдайға сай келетін әдемі хош иіс табу өте маңызды.Көптеген әр алуан хош иістердің арасынан дәл өзіңізге қажеттісін қалай тауып алуға болады? Сізге парфюмерия туралы жалпы түсінік беру үшін біз хош иістердің негіздерін зерделедік. Жұпардың құрамында иісімен ғана емес, теріңізге тигеннен кейін қалай ашылатындығымен де айрықшаланатын қосындылардың кең спектрі бар. Парфюмерлер хош иістің ноталар деп аталатын үш бөлігін атап көрсетеді. Жоғарғы ноталар бірінші болып ашылады және хош иіс туралы жалпы әсер береді. Бұл иіс сезу органдарына бастапқы әсер ету Ортаңғы ноталар хош иістің жүрегі болып табылады және теріге жағылғаннан кейін бірнеше минуттан соң ашылады Төменгі ноталар хош иіс туралы түбегейлі әсерді қалыптастырады және хош иіс жағылғаннан кейін бірнеше сағатқа созылады Хош иістің бағытын анықтау үшін парфюмерияны типтеріне (топтарына) қарай жіктейді, мысалы, гүл, шығыс және шипр: Гүл хош иістер тобына жеңіл гүл хош иісінен тәтті гүл-жеміс иісіне және татымды гүл иісіне дейінгі әр алуан хош иістер букеті кіреді Гүл-шығыс иістер тобына тәтті және татымды ноталар бар гүл хош иістері кіреді Шығыс хош иістері тобына дәстүрлі шығыс ноталарының үйлесімі кіреді Шипр хош иістерінің негізінде қарағай, лаванда, цитрустар және мүк ноталары жатыр. Хош иісті төменнен жоғарыға қарай жағыңыз. Хош иісті жіліншіктен бастап жағып, тізе астына қарай өтіңіз, содан соң білекке, желкеге және құлақ сыртына жағыңыз Cоңғы штрих – хош иісті тараққа шашып алып, онымен шашты тарау керек Егер сіз хош иіс секілді желінің лосьонын да пайдаланатын болсаңыз, оны хош иістен бұрын жағыңыз, бұл жұпардың шыдамдылығын арттырады.