Хорезми
Сыр бойынан шыққан шайыр. «Махаббатнама» дастанын 1353 жылы жазған. Дастан он бір бөлікке бөлінген. Сегізі түрік тілінде, қалған үшеуі-парысша. 473 беттен тұрады.
Жад қылдым жүрегіме Хақтың атын,
«Махаббатнама» дедім хаттың атын.
Ғаламға екі жарық гауһар берген,
Адамға махаббаттай жауһар берген.
Аспанның дәптеріне түнді жазған,
Жаһанға дәнекер ғып үнді жазған.
Назар сал, көкте жеті қатқа қара,
Жаратты алты күнде Хақ тағала.
Қылыпты құс төресін- сұңқарға жем,
Тамшы су айға айналар- іңкәрға дем.
Алқызыл өңіне оның мең жаратты,
Бойына шашын бірдей тең жаратты.
Қап-қара топырақтан сүмбіл жарап,
Тікендер арасынан тұр гүл қарап.
Гауһарды пайда қылды қатты тастан,
Борықтан қант жасады- тәттіні асқан.
Дария жерді шарлап бара жатыр,
Ұлудың қауағында лала жатыр.
Аралар гүл шырынын іздеп, қуып,
Көгалға самал жел жүр қызмет қылып.
Күркіреп пілдей бұлттар шапты кері,
Қай жерге жауатынын Хақ біледі.