ХИРУРГТЫҢ ХАТЫ немесе темекі шегетін қарындасқа сөз
блог
ХИРУРГТЫҢ ХАТЫ немесе темекі шегетін қарындасқа сөз
Саған арналған бұл жолдарда фактілер мен сандар болады, бірақ маған хирург дәрігер ретінде бұл пайыздар мен сандардың ар жағында не тұрғаны айқын көрініп тұр.
Мен саған никотиннің бір тамшысы ғана жылқыны өлтіре алатыны туралы ешкім көңіл аудармайтын жаттанды, қасаң әңгімені қайталағым келіп отырған жоқ, себебі — сен адамсың. Тәулік бойы шегілген 20 тал темекінің 8-12 жыл өміріңді қысқартатыны туралы да айтқым келмейді, себебі-сен жассың, саған бұл өмір мәңгілік тәрізді көрінеді. Ағылшын дәрігерлерінің дзерттеуі бойынша шегілген темекінің әрбірі өміріңді 15 минутқа қысқартады, бірақ 20-ға толмаған сен сияқты жас қыз үшін бұл қорқынышты болмауы мүмкін. Бәлкім саған темекі шегетіндердің өкпе рагімен 30 есе артық ауыратыны және рактың 95-98 пайызы темекіге байланысты болуы да ешнәрсе емес болып көрінер. Америка кардиологтары мынадай сандық мәліметтерді ұсынады: жүрек талмасынан қайтыс болғандардың орта жасы — 67, ал темекі шегетіндердікі — 47.Сен әлі жассың, 47-ге дейін қайда?!… Әрине, мүмкін бұл да саған қорқыныш ұялата алмас.
Социологтар сіздердің не себептен темекі тартуға құмар болғаныңызды білу үшін жабық сауалнама жүргізген. Қыздардың 60 пайызы «әдемі және сәнді» деп жауап қайтарған. Ал қалған 40 пайызы ұлдарға ұнау үшін тартатындығын мойындаған. Осылай бола қойсын дейік. Тіпті оларды сылтау тауып ақтап алуға да болар.Себебі ұнауға тырысу табиғаттан берілген құбылыс. Бірақ оларды уақытша ғана ақтаймыз, ұлдардың да пікірін білу артықтық етпейді. Осы туралы 256 жасөспірімнен сұралған. Үш сұрақ қойылып және оларға дұрыс, қарсы, бәрібір деген жауап қайтару ұсынылған.
- Бірінші сұрақ. Сен бірге жүретін топтағы қыздар темекі тартады. Сен оған қалай қарайсың? 4 пайызы — дұрыс, 54 пайызы — бәрібір, 42 пайызы — қарсымын деп жауап қайтарған.
- Екінші сұрақ. Сен дос боп жүрген қыз темекі тартады. Оған қалай қарайсың? 1 пайызы — дұрыс, 84 пайызы — қарсы,15 пайызы — бәрібір.
- Үшінші сұрақ. Әйеліңнің темекі тартқанны қалайсың ба? Оған қалай қарар едің? Қаншама қарсылық! Сұралған 256-дан тек екеуі ғана бәрібір десе, қалғандарының бәрі қарсылығын айтып, өре түргелген.
Ата-аналары темекі тартатын отбасында ұлдардың — 67 пайызы, қыздардың – 78 пайызы темекі тарта бастайды екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша екі түйір темекі шеккен жасөспірім 100–ден 70 жағдайда өмір бойы темекі шегетіні дәлелденген! Ойлан!
Қорытыңды: себепті іздей келіп, «неге темекінің түр-түрін жайнатып қойып сатады?», — дерсің. Темекі өнімін шығаратындар бұдан үлкен пайда көріп отырмыз деп есептейді. Бірақ бұл – көз байлау ғана. Ел мен халық темекіден пайдадан гөрі зиянды көп шегіп отыр. Бүгінгі таңда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы«Темекі ме әлде денсаулық па? Таңдау — өзіңізде!» деген ұран тастап отыр.