Хиппи мәдениеті мен стилі. «Битлздер» феномені.
блог
Хиппи мәдениетін ұстанушыларды алғаш кең етек жая бастаған сәтінен бастап барлық қалалардан табуға болатын. Тіптен көптеген қоғамдық қозғалыстар, жойылып кету қауіпі бар жануарларды қорғау, жалпы табиғатты аялау және күзету, бітімгершілік пен мәмлеге келу шарттары осы мәдениеттің өмірге келуімен тікелей байланысты. Бұл мәдениеттің соңынан ерушілер жануарлардың етін тұтынуға, ядролық қаруларға, соғысуға қарсы шықты. Осы мақсатта жиі митингілер де өткізіп тұрды. Ал, ең басты қағида трансқа кіре білу қажет. Ол үшін олар есірткі қабылдады, медициналық дәрілерді қолданды, ал кейбіреулері даосизм жолына түсіп кетіп жатты. Тек аталмыш қағидалардан бөлек, олардың өзіндік киіну және музыкалық стилі болды. Осы тұста қалыптасқан ерекше стиль өнер мен киноға, кескіндемеге үлкен әсер етті.
Хиппи мәдениетін қабылдап, осы стильде ән салған «Битлздер» тобын күллі әлем біледі. Олардың сырт келбетінен қандай мәдениетті ұстанатындары көрініп тұратын: ұзын шаш, психоделикалық өрнектермен кестеленген еркін киімдер, гүлдер мен жыртық джинсилер, хенд-мейд аксесуарлар. Олардың өмір салтының сипаты ретінде Шығыс тәжірибелеріне әуестену, вегетариандық, пуритандыққа қарсы наразылықты айтуға болады. Ерекше стильдерімен рок-музыкаға елеулі әсер етті. Шығармашылық және коммерциялық мағынада. ХХ ғасырдың ең табысты топтарының бірі ретінде танылды. Аталған төрттік АҚШ-та ең көп тыңдалым жинаған британдық топтардың көшбасшысы бола білді.
1950 жылдары «Битлз» тобы ең алғаш сахна төрінен көріне бастаған кезеңде рок-н-ролл стилі де халық арасында кең диапазонда тарала бастаған еді. Рок-н-роллдың әлемге таралуына Элвис Пресли әсер етті, Джон Леннон осы сәттен бастап музыканың бұл стиліне ғашық болады. Хиппидің төрткүл дүниеге танымал болуына еңбек еткен «Битлз» болатын. Бір-бірінің өрлеуіне септік болған тұйық шеңбер.
Даңк пен атаққа ие болған «Битлз» жаңа дыбыспен, жаңа электрондық техникалармен және есірткемен тәжірибе жасауға көшті. Бұл оларды тыңдайтын жастарға хиппи мәдениетіне апаратын жол салып берді, дегенмен өздері айтатын әндерге және оның мағынасына үлкен мән берді. Музыкалық жағына келгенде шындап жұмыс істеді. Тіптен, әлем бойынша «Битлздер» уақыты біткенде, КСРО-да 1980 жылдардың ортасына дейін жалғасты. Қазірдің өзінде осы субмәдениетті діннен артық көретін, мемлекеттің ішіндегі кішігірім мемлекет болып отырған топтар бар. Музыка тарихында өшпестей із қалдырған «Битлздер» феномені бүгінде үлкен маңызға ие.