ХХ ғасырдағы қазақ әйелдерінің құқығы мен теңдігі

ХХ ғасырдағы қазақ әйелдерінің құқығы мен теңдігі
жеке
блог

Қазақ халқы ежелден қыз балаға ерекше құрметпен қарағаны барлығымызға мәлім. Алайда, ұл бала мен салыстырғанда қыз баланың мүмкіндіктері аз, шектеулері көп болған. Мысалы, ұл баланы жастайынан оқу білімге құштар етіп тәрбиелесе, қыз баласын ән-күй, яғни тек өнерге баулыған. Бірақ ХХғасырда қазақ қыздары өз алдына сауатты, көзі ашық, еркін таңдау жасайтын бойжеткендерге айнала бастады. Мұндай дамуға ықпал еткен бірнеше фактор бар: зиялылар, Кеңес үкіметінің саясаты, көзі ашық ұрпақ өсіру мақсаты.

ХХ ғасыр басында қазақтың зиялы қауымы жинала бастаған кезде ең бірінші мақсат – қазақтың көзін ашу болды. Көзі ашық ұрпақ тәрбиелеу үшін көзі ашық ана болуы заңдылық. Осыған байланысты қазақ қыздарының құқығы мен теңдігі мәселесін көтерген қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман - М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» болып табылады. Бұл романда қазақ қоғамындағы қарапайым қазақ қызың әділетсізтағдыры баяндалады. Осы роман арқылы алаш зиялысы ескілікті ұмытып, жаңа заманға ұмтылуды мақсат еткен. Себебі, осы уақытқа дейін қазақ қызының таңдауы мен құқығы таптылып, пікірімен ешкім санаспады. Алаш қайраткері қыз баласына қамқор болып, құрмет пен таңдау еркіндігі берілу керектігін түсіндіреді.

Хат танымай, білім алуға мүмкіндігі жоқ қыздар Кеңес үкіметінің орнауымен мектептерде оқытылып, жалпы орта білім ала бастады. Себебі, жаңа үкімет ұл бала мен қыз баланың білім алу мүмкіндігін тең етіп, жағдай жасады. Мысалы, Қызыл отау – Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қыз-келіншектердің сауатын ашу үшін ұйымдастырылған киіз үй болды. Сонымен қатар, қыз балалар үшін жаңа училищелер, мектептер мен жоғарғы оқу орындарының іргесі қаланды.

Қыз баланың білім алып, ер адамдармен қатар ғылым мен білімге қызығушылық танытуы сол заманның адамдарына орынсыз болып көрінді. Алайда, Сейітжаппар Асфендияровтың пікірі басқа болды. Ол алаштан шыққан алғашқы әйел дәрігерлер – Гүлсім мен Мәриям Асфендировалардың әкесі. Сейітжаппар сұлтанның айтуы бойынша «- Мен қыздарымды гимназияға берген кезде менің біраз діндес достарым мұны құптамады, бірақ менің үлгіммен де қыздарын оқуға берген достарым болды» -, дейді. Осылай, зиялы қауым қыз баласының оқуға деген мүмкіндігінің даумына үлес қосты.

Қортындылай келе, ХХ ғасырдың басында қазақ қыздарының құқұғы мен теңдігі сақталып, ерлер мен әйел адамдарға деген көзқарас бірдей бола бастады. Қыз баланың дәрежесі түскен, пікірі ештеңе білдірмейтін көптеген жылдан кейін, қыз бала өз мәрбесін көтеріп, дами алды. Адам құқығы жынысы мен дәрежесіне қарамастан әрқашан тең болуы тиіс. Осылайша, алаш зиялылары мен кеңес үкіметі қазақ қыздарының теңдікке ұмтылуына итермеледі.