ХХІ ғасырда ешкімде уақыт жоқ
блог
Сәлеметсіздер ме, Массагеттік достарым! Сабақ аяқталып, жұмыс қарқынды жүріп жатқан шақта қалдарыңыз қалай? Күз мезгілінде жылы киініп, ауырмай-сырқамай жүрсіздер ме?
ХІХ ғасырда адам баласы техниканың түр-түрін пайдаланып, уақытын үнемдесе де, бәрібір жетпей жатыр. Бәрінде уақыт жоқ, артық сөйлеп, артық көңіл-көтергілері де келмейді. Белгісіз бағытқа асығады да жатады. Әрбір секундыңды бағалап, ойға түйіп, есте қалатындай алапат дүниелер жасап жатсақ, әрине, жақсы. Алайда асығыстық жасаймыз деп сапасына мән бермей қоюда жөн емес сияқты. Өмірді сапалы етіп сүргенге не жетсін?!
Интернет беттерін ақтарып отырып, "Светило" деп аталатын қысқа метражды фильмге тап болдым. Небары 6 минут 15 секунд ғана. Мәселе оның қысқалығында емес, 2,5 жыл бойы түсіріліп, көкейіңе ой салатындығында болып тұр. Ол фильмді назарларыңызға ұсынамын:
Жазбамның соңында өздеріңізге "Уақыт деген не нәрсе?" деп сұрақ қойғым келіп тұр. Еш жерде, ешқайда кездеспейтін анықтама беріп көріңіздерші...