Хат....

Хат....
жеке
блог

Сен қиылып өтініш айтсаң........  Менде оны орындамауға тіпті мүмкіндік қалмайды екен.  Білесің бе?   Жылды артқа қалдырып, тағы бір көктемді қарсы алмақпыз ба?  Ғажап..........  Осы уақыт арлығында  екеуміз  не жайлы сөйлестік екен?!  Тым жақындап кетпесек те, алыстай алмай жүрміз емес пе?   Оған себеп не?  Менің саған алғаш қонырау шалғаным есіңде ме?    

        Дәл қазір не ойлап отырғанымды білмейм.......  Мына пернелердің  қайсысын теріп , қайсысын термесімді  білмей...  Қайта жазып, қайта өшіріп отырғаным.  Сен ұйыктап қалдың ба?   Бүгін де ештеңе  жазып  жарытпадың...  Агентте.   Осы агентке шықпай-ақ  қойсам  десем... Болмады.  Одан да  сенің  телефоныма  жазған  “Кайырлы түн” деген  смс –ің  мың  есе  артық  сияқты көрінеді.   Менде тіпті енді мүлде өкініш жоқ....  Сен бар болсаң да,  жоқ болсаң да.  Мен тым қиялшыл жан ем....  Қазір де сол.  Бірақ  жалған  айтқым  келмейді.  Сен такаппар болсаң.... Мен өзімшілмін.  Жылап сықтағанмен  не  өзгермек.    Өмірге  реал  көзқарас  болса  керек те.  Өзгелердей  сенсіз  өмір  сүру  мүмкін  емес  деп....   Өлем деп.........  Күйем деп........ Сүйем деп.......  Жаратқан Таңірі  алдында кунаһар, Сенің алдыңда кінәлі  болғым  келмейді.   Мен үшін саған айтар  ең  ұлы  сөз  “ЖАҚСЫ  КӨРЕМ”!    Одан артығын   таппағам.

 Сені көргім кеп тұрады....  Бармаймын.  Өткен жолғы  болмаса.  Дауысыңды  естігімак  кеп тұрады...  Қоңырау шалмаймын.  Аптасына бір рет болмаса.  Ондада сен көтерсең   тұтқаны.

 Мамық  көрпе  ішінде  балғын  тәнің  балбырап  жатқан  шығарсың.......   Қап-қара  шашың жастықты көміп, ыстық  демің  ауаға  тарап,  тәтті   ұйқының  құшағында  сен  жатсың.  Ал мен...........  Ал мен саған  хат  жазып  отырмын.  Бұрындары  достарыма  хат  жазғанда  дәл  бұлай  қиналмайтын  ем...  Ақ  қағаздарды шимайлап бірнеше парақты  демде  толтырар  ем.  Енді мына парақшаның  ортасына  жету  мұң  боп  тұр.   Айтарым  жоқ  емес.  Тек  көңілдегі  көркем  ойларым  пернетақтадан  теріле  бере  көркі қашып  сәні  кете  бастайды  емес пе?   Түсін.

 Енді сен айтқан  көктемді  мен  қатты  сағынып-ақ  жүрмін....   Шақырдым  деп  ең  ғой.  Ол неге  кешікті  екен?  Келер  болса....   Қолынан ұстап  сен де  кел!!!!!!!   Мен  балаша  қуанып қалайын.   Келісесің  бе?

 Өткен  бір  смс-те  жазып ем...  Мен сенің  осы  өмірде  бар  болғаныңа  жетісіп,  соған қуанатын  сияқтымын  деп.  Соным шын екен.  Дәл  қазір  мен  көніліме  қуат  берер  басқа  ештеңе ойлап  таппадым.   Менің де  денім   сау емес...  Тіпті сені меншіктеп алғандай  сенімді айтқанымды  қарашы.   Қызық.

Ертең  кездесейікші...........  Ештеңе  айтпасақ та  үнсіз  тұрайык.   Қалаған сәтіңде  ештеңе  айтпай -ақ  кері  бұрылып кете бар.  Ұзап  кеткеніңше  соңыңнан  қарап  тұрайын.......  Сол жолы мені тағы  елемей  кетші.  Сөзіме  құлақ  аспай кетші....  Такаппарлығыңды тағы  бір  дәлелдеп  кетші.   Мен......   Бұлқан-талқан  жыр  жазайын кеп...   Сен жайлы.  Сойтші..................................