Хат-2

Хат-2
жеке
блог

Қар жауды бізде. Қыстың алғашқы нышаны қара көшені аппақ құшағында қысады, сұр түсті үйлер, сары орамалды ағаштар нәзік ұлпаға алақан тосты. Біз әлі сене алмай жүрміз, күзгі күртеше бүркеніп, көтеріп алып жағаны, алданыш етіп ананы, біресе мынаны, кетеді дейміз ертең ақ бәрі бір еріп (үміттендік те, іштей жалына тіледік). Сен жақта, білем, күн жылы, құстар сайрайды, жасыл желектің жайқалып тұр ғой талайы. Сол күннің, жаным, жіберші бері ұшқынын, тіпті болмаса, сезімнің сыйла ыстығын, тойымсыз көңіл жылулық қана қалайды. Айтпақшы, күнім, алысты көрдім сен жүрген, құбыжықтар ма, әйтеуір жаман бір мекен екен ау деймін, шошып ояндым, түс, шүкір! Таң атып тағы суырып алды түнектен санамды мендік. Күндер өтуде ызғарлы. Қара түн міне тағы бір сағат ұзарды... Сүйдім. Сүйемін. Айтарым басқа қалмады...