Хат

Хат
жеке
блог

Хат

Оу,ата!
Хат жазуда саған ұлың,
Ер жетіп бағындырып балалығын.
Ауылды сағынып жүр ұлың іштей,
Мына бір қалады екен қаланы кім?

Тас қала суық сондай адамдары,
Білмеймін жау секілді маған бәрі.
Бәрінен шаршағанда сыр шертемін,
Әнеу бір өлгендермен «алаңдағы».

Қалада кетеді ата алдап бәрі,
Айтпақшы, пенсияңыз қалмап па әгі...
Бұл қала қыз секілді қызыл көрсе,
Жетеді өзіңді де жалмап тағы.

Үй қалай бәрін қойшы ауылдағы,
Баяғы иық ағаш ауыр ма әлі?
Ымыртта сызылатын әлі бар ма 
Белгісіз сыбызғы үн сауырдағы.

Хат жаздым күйінгеннен шыдамадым,
Кімге опа оңашада жылағаным.
Сәждеге басымды иіп тұрған кезде,
Құдайдан көк тиында сұрамадым.

Көзсоқыр тас қаладай кетем бе деп,
Күніме өзімді –өзім жетем демеп.
Кей –кейде қорқып қалам Тәңір берген,
Өкпелеп өміріме өтем бе деп.

Бәріде жақсы -жаман осы хәлім,
Бәрібір саған ылғи асығамын.
Өтірік сағыныш хат жазудамын,
Сен жоқсың несін оның жасырамын.

Кіресің түсіме ата еміс неге?
Жатасың маған қарап теріс неге?
Білемін ренжулісің, берем хатты,
Көгершін емес енді періштеге...

Жатқан жерің жайлы болсын ата!
07.12.2014