Хат...

 

 

  Көөөөп уақыт өтті ме...  Әлде аз ба?  Жылдар жылжуын, айлар ауысуын...  Сағаттар сырғуын қоймады.  Бәрі кешегіндей есімде...  Алматының асфальтталған көшелерін асыға басып кездесуге әрееең көндірген Сені көруге бара жататыным....
                  Тіпті.....  Саған енді қалай деп хат жазарымды білмейм. Бойымдағы бар сағынышымды басымнан айналдырып қара жерге жерлеп тынсам ба екен?!  Содан кейінгі хәлімді ойлап көрші... Тым құрыса Қорлан сынды бір жүзігіңді бермегенің-ай!  Жапанда жалғыз ағаш көрінеді дегендей... Жел соқса жапырағы төгіледі дегендей...  Өзімді осынау кешірмелерсіз елестетіп ем... Сол жалғыз ағаш сынды күй кешетінімді көрдім. 
                  Ерте оянып, кеш жатып... Мазасыз өткен күндерімнің көк тиынға тұрмайтынын нетесің?!  Күн көрсем күлімдеп, түн көрсем түнеріп... Анау қызды менсінбей, мынау жерді жерсінбей... Жұрттан бөлек кетіп жүдей беремін. Тым құрыса сен жайлы әдемі жыр да жаза алмағаным жаныма батады... Нетейін?  Сен қал... Мен...  Кетейін! Қолына таяғын ұстаған диуана сынды.... Бүгін мұнда барайын, ертең анда барайын... Сен үшін ұмыт боп қалайын.
                  Шешем не тентек етіп тумапты... Бүлік сап,бәрінің астаң кестеңін де шығара алмаймын. Енді жаңа ғана үйретілген асаудай, мөңкіп-мөңкіп, ауыздығым езуімді жырғанда... Ессіздігімді тиып, бәріне мойын ұсынбасыма... Солай етпесіме болмайды-ау!  Олай қашанғы шыдармын... Бәрі де бір жүрек емес пе? Бір сезім өне бойыңнан: миыңнан, қан тамырларыңнан, ақылыңмен есіңнен жүрегіңе жетіп кеуде тұсыңды соққылай берсе... Қалай көнем?  Мұны да ойладым...
                  Саған жазылған толассыз хаттар.... Қайсысын оқып, қайсысын өшірдің екен?  Поштаңа жеткен хатты ашып әдемі ерндеріңмен сыбырлай оқып жатқаның... Содан соң сен қандай сезімде болды екенсің?! 
                  Сенің жұпарың сіңген Алматы...  Ол енді мәңгілік жара. Анау бақшалар... Анау көшелер... Көктемде қолыңнан ұстап жүріп өткен жазықсыз жолдар... 
                   "Жақсы көремін" деген жалғыз ауыз сөзді ауызымнан әрең шығарып.... Ұзап бара жатқан бейнеңе ұзақ қарап қала бергенім....




Бөлісу: