Қала сыртындағы зәулім сарайлардың бірінде бір сұлу ханым тұрады екен. Бір күні шашы ағарған, киімі алба-жұлба бір қайыршы әлгі ханымның есігін қағыпты. Ханым сауапты ісі ретінде оған 1000 тенге беріп:
- Сен қайыршылықтан басқа тағы не жұмыс істейсің?
- Жасанамын, - деп жауап беріпті қайыршы.
- Жасану?, ханым таң қалып, - қайыршылық үшін де жасану керек пе?
- Солай, жасану керек. Мен өзімді тіпті де кедей, тіпті де кәрі, түр тұлғамды тіпті де аянышты хәлге түсіру үшін әр күні жасанамын. Сол арқылы басқалардың жанашыр сезімін оятып, тіпті де көп ақша таба алмын. Құрметті ханым, сіз ше? Басқа не жұмыспен айналысасыз?
- Мен де боянамын, - депті ханым.
- Қай жерде жұмыс жасайсыз?
- Би клубтарында. Мен бояну арқылы өзімді тіпті де жас, сұлу етіп көрсете аламын. Сол арқылы қонақтар мені тіпті де ұнатып, көп ақша беретін болады.
Мұны естіген қайыршы ханымның 1000 теңге ақшасын қайтарып беріпті.
- Саған керек емес пе, - деп таң қалыпты ханым.
- Солай маған керек емес, - депті қайыршы, - біз секілді мұндай жұмыстағылардың "өзара ақша сұрамау" дейтін заңымыз бар!