HandMade: Жігіттер үшін
жеке
блог
блог
Мынау не деп ойлайсыз? )))) Жо-жоқ, бұл қолдан жасалған қағаз көйлек емес, бұл – ашықхат. Ініңізге не досыңызға, ағаңызға не жігітіңізге осындай ашықхат жасап сыйға тартсаңыз, әлбетте ол үшін тосын сый болары анық. Ерлер қауымына арналған қыздар жасайтын сыйлықтың бір түрін қабыл алыңыздар :)
Мен бұл ашықхатты Аян ініме арнап жасадым.
Ол үшін біз бен сізге мына заттар қажет:
Бос уақыт, қағаз, фломастер, қағаз кескіш, қайшы, желім, қарындаш, сызғыш. Ал кеттік :) | |
Қағазды бүктейміз. | |
Екінші қағазды суреттегідей етіп бүктеп, артық жерін қиып тастаймыз. | |
"Жағаны" желімдейміз. | |
"Жағаны" қойып, өлшеп көреміз. | |
Енді галстук жасаймыз. Галстук дәлме-дәл келуі үшін қарындашпен сызып алған абзал. | |
Галстукті қалаған түсімізге бояймыз. | |
Енді көйлектің түймелері мен қалтасын бояймыз. | |
"Жаға" мен "көйлекті" жымдастырып, желімдеп, галстукті тағамыз. | |
HANDMADE дайын! :) Ішіне ақ тілегіңізді толтыра беріңіз. | |