Хандардың ойыны

     Қазақтың ұлттық ойындарының бірі - "Хан Дойбысы". Бұл ойын ертеректе хандар мен билер арасында кең таралған.Бір ерекшелігі бұл ойын тұрғысынан ғана емес, ел басқарудағы саяси құрал ретінде де пайдаланылған. Сол себепті де халық арасында кең таралмай, хандар мен билер арасында қалып қойған.     "Хан Дойбысының" қазіргі біз білетін дойбыдан айырмашылығы бұл жерде қазақ хандығының демократиялық билік жүйесінің құрылымы ойын түрінде құралған. Біздің түсінігімізде дойбы ойыны текті және тексіз болып екіге бөлінеді. Тексіз дойбы - бізге күнделікті таныс дойбы ойыны. Қай тас бірінші олып межеге жетсе, сол би бола алады. Кім мықты болса, сол ел басқарады деген сөз. Ал текті дойбы дегеніміз - "Хан Дойбысы". Оның өзінің Ханы, Тентегі және қарашасы болады (бұлар да шахматтағы фигуралар сияқты). Тор көз тақтада әрқайсысының өз қызметі бар.Қайсысы ерлік жасаса да, өз дәрежесінен бір елі ауытқымайды. Хан ханы болып, би биі болып қала береді.    Алдыңғы тор көз тақтасын ертедегі соғыс алаңы ретінде қарайсыз. Кіинің ақыл - айласы жоғары, саяси белсенділігі мол болса, сол адам жеңіске жетеді. Астары тұнып тұрған философиялық ой. Ең таңғажайыбы ол - кестесінде . Кесте "астрономиялық" жұлдыздық тағылымдардан бастап,философия, экономика, мәдениет, саясат, мемлекет құру жүйесі, демократия сынды сан саланы бір арнаға тоғыстырады.    Бұл ойын балаларды тәрбиелеп, ойлау саласын арттыруға көмектесетін таптырмас ұлттық ойын түрі екен. Ата-бабаларымыздың текті әрі мықты саясаткер болғандығының белгісі іспетті. 


Бөлісу: