Хан-Тәңірдің мұзбалағы -Мұқағали

Хан-Тәңірдің мұзбалағы -Мұқағали
жеке
блог
Қазақ əдебиетінде өзіндік орны бар Хантəңірінің мұзға біткен мұзбалағы -Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерін білмейтін қазақ кемде кем. Иə, əрбір қазақ бала күнінен бастап Мұқағалидың өлеңдерін жаттап өсті. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады. Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Механика-Математика факультетінің "Есептеуіш Техника жəне Бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының бірінші топ студенттері Университет Ректоры Ғ.М.Мұтановтың "100 кітап, 100 шығарма" бағдарламасы аясында Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған "Мұқағали -мəңгілік мұра" атты ашық кураторлық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер ақынның өлеңдерін жатқа айтып, əндерін гитарамен, домбырамен орындады. Студенттер ақынның шығармашлығынан терең үңіліп, өмірбаянына шолу жасады. Ашық сабақтың басты мақсаты - студенттерді ақынның өмірімен, шығармалығымен жақынырақ таныстыру. Студенттер бұл сабақтан өздеріне көп нəрсе түйіп, Мұқағали атамыздың шығармашылығына деген қызығушылқтары арта түсті. Нұрланұлы С., Тұрғанбай А., Қасымхан А. және Әділхан А. келесі өлеңдерді нақышына келтіріп оқыды. Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. Түтін түтет, Өс, өрбі, көгере бер, Немерелер көбейсін, шөберелер. Жадыңда ұста : Жақсылық күтпегейсің! От емес, оқ сұрасаң менен егер! Үш бірдей бақытым бар алақанда, (Мені мұндай бақытты жаратар ма?!) Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!