һәм,жүрек қой сезімнің мәңгі иесі ( досқа кеңес )

həм,жүрек қой сезімнің мəңгі иесі
( досқа кеңес)

 

Сан сұрақтан кетті ме тулай ішің?!
Ойладың ба,болар деп ұдайы шын?!
Ақылыңнан алжасып қалғаның ба?!
Аңғалдықты қой,досым! Құдай үшін!

 

Сыр-сандықтай адамның жан дүниесі,
həм,жүрек қой сезімнің мəңгі иесі.
«Шын ғашықтар қосылмай өтер» -деген,
Ол оттаған жандардың әңгімесі!

 

Бір болудың жолдары жеңіл деп пе ең?!
Қандай ғажап,ой шіркін! Ойың неткен?!
Шын жүректен сөз айту қиынырақ,
Оп-оңай үн - шықса да кеңірдектен.

 

Тағдырымыз - Алланың құзырында,
Дағдылымыз - өркендеп,бұзылуға.
«Бақыттылар жұмаққа кіред(і)» -дейді,
Ал əр жағын, өзің-ақ тұжырымда...

 

© Нақпаев Аян 14.02.2015 жыл



Бөлісу: