Халықтың көзін ашқан – Садақ журналы.
блог
Мәдени-ағартушылық бағытты ұстанған Садақ журналы қазақ халқының көзін ашты. Журналдың редакторлары Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тілепбергенов жастардың дамуына қатты көңіл бөлді. Сонымен қатар журнал оқу-ағарту ісі мен педагогика саласы туралы мәселелерді көтерді. Оған дәлел Ж.Тілепбергеновтың «Мұғалімдік туралы» мақаласы.
21 ғасырда да бұл мәселе өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ж.Тілепбергенов балаларды оқыту үшін, мұғалімдер дайындайтын курс ашу керектігін атап өткен. Қазіргі таңда да кім көрінген, басқа мамандықты бітірген адамдар мұғалім болып жұмыс істей алмайды. Бүгінгі күнде мұғалімдер дайындайтын курстың бары қуантады. Себебі, оқымаған сауатсыз адамдардың балаларға білім бере алмайтыны анық.
Жастардан бөлек, ересектердің білімді болуы үшін журналға түрлі әңгімелер мен қызықты мақалалар шығарып тұрған. Ел арасында газет, кітап және журнал оқуды насихаттаған. «Журналымыздың мақсаты – оқуға кеткен қазақ жастарына жол-жоба көрсетіп, қалам ұстауды, сөз жазуды үйрету, өткендегі өмірдің жақсылық жағын өнеге етіп, жаманшылығынан безіндіру болып табылады»,-деп жазған. Меніңше, сол кездегі жастардың белгілі бір алға қойған мақсаттары болмады. Ал садақ журналы жастарға бағыт-бағдар бере отырып, халықтың көзін аша білді.
Қазіргі заманға да осындай садақ журналы сияқты бір дүние керек сияқты. Себебі, бүгінгі таңның жастары кітап, газет оқудан қалған...
Тұраққазы Аққу.
ҚазҰУ журналистика факультетінің 1 курс студенті.