"Әу демейтін қазақ жоқ",- осы сөздің өзі қазақ халқының ән өнерінен ешқашан кенде болмағанын, қашан да болса қазақ ән өнері шарықтап тұратынын алға тартатын сияқты. Оған дәлел, 1925 жылы Парижді таңдай қақтырған Әміре атамыз. Парижді былай қойғанда бүкіл Еуропаны өнерімен тәнті етті. Әміре атамыздай бірақ жарыққа шыға алмай кеткен әнші ата- апаларымыз қаншама? Әміре атамыздың төрткүл дүниені таңдандырғанынан кейін дәл 90 жылдан соң, Димаш Құдайбергенов ағамыз "Славянский базар-2015" конкурсында бас жүлде иегері атанды. Айта берсек таңдай қақтырар, қоңыр дауысты әншілеріміз көп- ақ!
Дегенмен, Қазақстанды "q-pop" жанрымен, яғни, "k-pop" жанрынан бастау алған, заманауи әндерімен өзге елді таңдай қақтырып жүрген әншілеріміз де бар. Қазақстандық "Ninety One" тобы әлемді дүр сілкіндірді. Шет елден көп жанкүйер жинап, қолдау тапқан топ неге өз елімізден ондай қолдау таба алмай жүр? Ол топтың жанкүйерлерінің басым бөлігі қыздар дегенмен сіз де келісесіз бе?
Ninety One тобы жарыққа шыққан күнінен бастап көп сындарға ұшырады. Қарап отырсаңыз халық екі топқа бөлініп кеткен сияқты. Бірінші топ "Ақтаушылар", екінші топ "Даттаушылар". Иә, қазір сараптасақ Ақтаушылардан қарағанда, Даттаушылар басым келе жатыр. Вконтакте желісіндегі дәл 100 адамнан сұрадым. Солардың 42%-ы қолдаса, 58%- қарсы шығып отыр.
Ақтаушылардың айтуынша, "Заманауи, нағыз Қазақстанға керек топ. Себебі, Кореяның аты шулы "BTS". "EXO". "GOT7" топтарын емес, Қазақстандық топты тыңдайтындарына қуанышты. Қазақ попының негізін салып, әлемді шулатқан бұл топты қолдап, күш беруіміз керек. Қазақтың белгілі әншілері Төреғали Төреәлінің, Қайрат Нұртастың әндерін дәл осы топтың әндеріндей тыңдап, жаттап, тіпті қазақ тілін үйренді деген шетел азаматы жоқ. Ал, Ninety One тобының сахнада жүргеніне көп болмаса да, әлемнің әр бұрышынан тыңдаушылары көбейуде. Тіпті, қазақ тілін үйреніп жатыр".
Ал, Даттаушылар "Қызтекелер. Боянады. Қыздарға еліктейді, және оларды тек қыздар тыңдайды. Қазақ жігіттеріне тән қылықтары жоқ",- деп айыптайды. Ninety One тобының бір сұхбатында, топ рэпері Азамат Зенкаев (A.Z): "Біз әлі кәсіби сын естіген жоқпыз. Бәрі бізді тек стиліміздің өзгеше болғаны үшін сынайды",- деп айтты. Расында да, стилдерінің өзгеше болғаны, өнерлерінен де маңызды ма? Әлде халықтың басқа ұнатпайтын себебі бар ма?
Мен Ақтаушылар жағындамын, ал сіз ше? Өз ойыңызбен болісе отырыңыз!