Халықаралық қатыстынастардағы іскерлік этиканың маңызы

Бүгінгі таңда қызмет саласының барлық түрі еңбек етушілердің бойында әр түрлі қасиеттерді қалыптастыратыны анық. Соның ішінде халықаралық іскерлік қатыстынастар конспектісінде этиканың алатын орны ерекше. Халықаралық қатынастардағы қызмет атқарушы кез келген адамның бойында жауапкершілік, мақсатшылдық, табандылық пен шыдамдылық қасиеттері болуы тиіс.

Қазіргі заман ағымнда маман құзіреттілігін арттыру үшін қызметкерлердің үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы заңды болып табылады. Ол халықаралық қатынастардағы іскерлік этика мемлекет арасындағы өзара байланыстың негізгі түйіні. Дипломаттар арасындағы мәдениет пен құрмет, өзгелерге деген сыйластық көрінісін береді. Іскерлік этика бұл ұғым толық зерттелу саласы ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, қазіргі таңда компаниялар жаңа факторлардың қысымымен өздерінде басқарма, əкімшілік мүшелері мен қатардағы қызметкерлер тəртібін анықтайтын іскерлік этика кодекстерін енгізуге мəжбүр.

Бүгінгі күні мемлекетімізде жас мамандардың мансабын қолдаудағы жоғары білімнің рөлі алдыңғы орында тұр. Жоғары оқу орындарында жас мамандармен сауатты жүйелі жұмыс ерекше маңызға ие. Жас мамандармен жұмыс барынша тиімді нәтижеге жету үшін кешенді түрде ұйымдастырылуда.

Осы орайда қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетінің магистранттары «Басқару психологиясы» атты міндетті пән бойынша білім алуда. Бұл пәннің негізгі мақсаты жас мамандарды жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін іргелі даярлығы жоғары мемлекеттік, экономикалық, басқарушылық, ғылыми, зияткерлік, аналитикалық құрылымдарға, ары қарай біліктілігін арттыруға заманауи мамандарды дайындау. Бұл өмірге қажетті білім әрбір болашақ жас маман үшін қызмет барысында орын алуы мүмкін көптеген кикілжін мәселерді шешу, өзін-өзі басқару, ұжым ортасына бейімделуде дұрыс шешім қабылдап, әрікарай дамуына негізгі бағытты қалыптастырады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің студентері мен магистранттарына негізгі пән ретіде оқытылатын "Басқару психологиясы" бұған дәлел бола алады.

Халықаралық іскерлік этикет халықаралық іскерлік қатынастарда табысқа жетуге ықпал ететін ең қолайлы мінез-құлық ережелері мен нормаларын ұзақ таңдаудың нәтижесі болып табылады. Шетелдік серіктестермен берік іскерлік байланыстар мен қарым-қатынастар орнату әртүрлі елдердегі іскерлік этикет қағидалары мен ережелерін білуге және қолдана білуге міндеттейді.

Халықаралық қатынастар саласындағы барлық сарапшылар ұлттық ерекшеліктер іскерлік қарым-қатынаста үлкен мәнге ие және оны ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды деп санайды. Сонымен қатар, олар тараптардың мүдделері сәйкес келгенше, ұлттық айырмашылықтар дерлік байқалмайтынын байқайды, бірақ конфликт көрсетілгеннен кейін олар маңызды рөл атқара бастайды. Түсініспеушіліктерді немесе тіпті қақтығыстарды болдырмау үшін сіз іскерлік кездесулер өтетін елге тән қарым-қатынас пен мінез-құлық ерекшеліктерімен алдын ала танысу керек.

Шығыстану факультетін бітірген түлектер түрлі халықаралық іскерлік қатыстынастар кезінде осы пәнінен алған білімі мен жинаған тәжірибелеріне сүйенеді. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы аға оқытушы Н.Садықова пәнді оқу барысында магистранттарға тек теориялық білімді ғана алып қоймай, оны практика жүзінде қолдану, жұмыс барасында кездесуі мүмкін жағдаяттарды арнайы талдатып оқытуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Философия және саясаттану факультетінің

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының

аға оқытушысы, доцент міндетін атқарушы,

 психология ғылымдарының кандитаты

Садықова Назира Марғұшқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Шығыстану факультеті,

1-курс магистранттары

Жарбосынова Н.Д., Турсынбекқызы А.

 

 

 

 



Бөлісу: