ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ-ПЛАТФОРМА

 Қазан айының 13-ші жұлдызы Астана қаласында халықаралық интернет-платформа өткен болатын. ОФ «Правовой медиа-центр» ұйымдастырған шараға А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ –дан журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының оқытушысы Балажан Мұстафина, журналситика мамандығы бойынша магистрант Айнұр Сүлейменова және мен біліктілігіміз бен білімімізді арттыра түсу үшін барып қайтқан болатынбыз. Аталған жиынға отандық және шетелдік медиа ұйымдардың өкілдері келген болатын.

Мәселен  «Inter TV Channel»-дің халықаралық сарапшысы, украиналық Роман Бочкала,  Тәжікстаннан Руслан Косимов пен интернет провайдерлері қауымдастығынан Асомуддин Атоев, Грузиядан  Уча Сетури (IDFI), Белорусь жерінен Владимир Ковалкин (Кошт урада) мен сараптама және БАҚ кеңесшісі Ляксей Лявончык ,  Болгариядан Татьяна Дронзина  ( София университетінің профессоры),    сондай-ақ Қырғызстандағы  бітімгершілік және БАҚ технологиялар мектебінен  Инга Сикорская мен ресейлік  Саркис Дарбинян (РосКомСвобода) сыңды мамандар келді.  Бұл жиынды өткізуге Қазақстандағы Нидерланды каролдігінің елшілігі қолдау білдірген. Мұндағы негізгі мақсат тұтас интернет кеңістігіндегі ахуал мен  ғаламтордағы сөз еркіндігі жөнінде пікір алмасып, тиімді қорытынды жасау болды.  

Сол күннің алғашқы жартысы конференцияға арналды. Модераторлардың жүргізуімен шетелдіктер өзекті тақырыптарға арқау болған баяндамаларымен таныстырды. Әр елден келген сарапшылар өз елдеріндегі интернет журналистика мен жалпы интернетті қолдану аясы жөніндегі мәселелермен бөлісті. Қатысушыларға сұрақ қою арқылы салыстырмалы қорытындылар жасауға мүмкіндік берілді. Ғаламтор кеңістігіндегі түрлі мәселелердің туындау себептері мен алдын алу шаралары жайында сөз қозғалды.  Кездесу барысында ақпараттық байланыс арқылы контент құрып қана қоймай  шетел тәжірибелерінен алуға болатын ерекшеліктер аталды. Сәйкесінше әр елдің статистикалық мәліметтерінен инетернеттегі белсенділіктеріне көз жеткізе алдық. Бір ғана жақсы мысал: Беларусь мемлекеттінде ұялы байланыс 100 %, интернет қол жетімділігі болса  70 % көрсеткішке ие. (Мұның себебі жер көлемінің халық санына лайық болуына байланысты). Тағы бір ерекшелігі ол жердегі Wi-Fi қызметіне жергілікті халық төл құжат көмегімен ғана қосыла алады. Есесіне бұл Беларуссияға сырттан келушілерге айтарлықтай қиындық туғызады. Дегенмен инетернеттегі ақпаратқа арнай бақылау бар деген сөз.
Конференцияда көп мәліметтер берілгенін айта кеткен жөн. Интернет кеңістігін қоғам мүддесі үшін пайдалануымыз керек деген ұйымдастырушылар сайт жұмыстарына да тоқалып кетті. Осы тақырыпта Саркис Дарбинян Ресейдегі сайттарға блакировканың қандай жағдайда, қалай қойылатындығы туралы айттып берді. Ол өз сөзінде журналистермен қатар блогерлерге де ақпарат таратушы деп қарайтындықтарын және олардың сайттарындағы (егер болса) контенттердің мән-мазмұнына маниторинг жүргізілетінін дәлелдеп берген болатын. Егер теріс бағыттағы дүниелерге насихаттау анықталатын болса еш ескертусіз сот шешімін күтпей-ақ «РосКомСвобода» блокировка қоя алады екен. Қарап отырсаңыз бұғатталған сайттар Қазақстанда да жетерлік.
Түскі үзіліс уақытынан соң шетелдік және отандық медианың үздік мамандары мастер-класс өткізді. Екі бөлімнен тұратын секция тақырыптары да өзекті болып шықты. Өкінішке қарай әр бөлімде тек бір ғана тақырып таңдауға тура келді. Мен  Асхат Еркімбай есімді танымал блогердің «Смартфон көмегімен мультимедиалы өнім жасау жолдары» деп аталатын шеберлік сағатын тандадым. Екінші бөлімде «Интернеттегі өшпенділік тудыратын сөздер мен стеореотип» жайындағы халықаралық тәжірибелеріне сүйене отырып жүргізген Инга Сикорскаяның мастер-класына қатыстым. Қықаша айтқанда көп ақпаратқа қанықтым. Азды-көп тәжірибе жинадым. Мұндай бас қосуларға студенттерді жиі қатыстырып отырудың маңызы жоғары екендігін түсіндім. Бұдан бөлек интернетті пайдалануға деген қызығушылығым   арта түскендей болды. Жаңа идеялар келе бастаған секілді. Бірақ осы бағытта әлі де көп ізденістер керегін білемін. Сондықтан да интернет саласына сіңісуге тырысып көруге бел байладым. Бұған астанамызда өткен халықаралық интернет-платформаның ықпалы болғанын мойындаймын.

 

                                       
                   


Бөлісу: