ХАБАРЛАНДЫРУ

Жаздың  соңғы  күндері зымырап  өтіп жатыр.Көктемде жас түлек болып,ыстық ұядан  қияға қалықтаған жас талапкерлер  үшін биылғы күздің қалай басталары қызық болып отыр.Ал биыл бітіретін мектеп оқушылары  мектеп өміріндегі соңғы «1 қыркүйегін» өткізуге қимастықпен дайындалып жүрген  болар.Бұл тақырыпта сөз қозғар  болсақ шектеу болмасы анық.Кейінірек толық тоқалып өтермін.

Енді бұл жазбамның тоқетеріне көшейін.Өзім «Массагеттің» есігін сығалап жүргеніме тура бір жылдан асыпты,ал есіктен төрге қарай еңбектеп,ауылымның тұрақты тұрғыны болғаныма жарты жылға жақындапты.Жарытып,айды аспаннан алдыратындай ештеңе де жазбаппын,ештеңені  қатырмаппын.Қысқасы,осы күнге дейін жасаған олқылықтарымның орнын жуып шаю үшін бір ұсыныс тастамақшымын.Тек менікі дей алмаймын,Массагеттік тұрғындардың ортақ шешімі бойынша Астаналық «Массагеттіктер» кездессек пе деп отырмыз.Кездесу күнін жаздың соңғы жұмасына, яғни 30 тамызды белгіледік.Ал кездесу орнын таңдау сіздердің еншілеріңізде. Бұл-ұсыныс! Құрметті Астаналықтар,бір-бірімізбен тек интернет арқылы араласып емес,шынайы өмірде де жақыннан танысып отырсақ,сырлас досқа дейін айналармыз ба,кім білсін?!Өз ойларыңызды  ашық айтып,кездесу орны мен уақытын өздеріңізге қолайлы етіп белгілейік десеңіздер хабарласып,ақылдарыңызды айтып отырсаңыздар екен.Пікір жазып,келіссеңіздер өз телефон нөмерлеріңіз  бен  эл.почта адресін қалдырыңыздар.Жазба астындағы нөмерлермен хабарласып,өз ойларыңызды білдіріп отырсаңыздар  нұр үстіне нұр болар еді.(айып етпейсіздер,асығыс жазылған жазба болғандықтан сөйлемдер мен сөздерде қателер кетуі мүмкін.Түсіністікпен қарарсыздар деп ойлаймын)

         Айгерім(Есіл еркесі): +77022757511           

         Нұрдәулет Болаттегі:+7771447404

         Жанар Кәрім:+77029070521



Бөлісу: