``Хабар`` телеарнасы, жаңалықтар қызметінің жүргізушісі Талғат Алманмен сұхбат!

  ``Хабар`` телеарнасы, жаңалықтар қызметінің жүргізушісі Талғат Алманмен сұхбат!
жеке
блог

1. Өзіңіз жайлы айта өтсеңіз?
    Мен Алматы қаласында туып өстім.Қазіргі таңда Астана қаласындағы Казмедиа орталығында жұмыс істеп жатырмын.
2. Журналистика әлеміне қалай келдіңіз? Балалық шағыңыздан армандадыңыз ба?
     Дикторлық қызмет бала кезімдегі арманым болғаны рас. Зейін Әліпбек деген азаматқа қатты қызығып өстім. Арманым алысқа жетелеп, уақыт өте Алланың қалауымен өзім де жаңалықтар жүргізушісі болдым.
3. Қазақстандық телеарналарға нені қосар едіңіз?
     Қазақстандық телеарналарға жетіспейтін нәрселер бастан асады.Ең алдымен жақсы кадрларды, нағыз таланттарды, тандай білуді дамыту керек. Техникалық мүмкіндіктің барлығын қолдану керек. Режуссураға көбірек көңіл бөлу керек. Өз ісінің маманы, жоғарғы оқу орнын бітірген білімді жастарға орын беру керек деп ойлаймын.
4. Сіз телевидениенің 20 жылдан кейінгі болашағын қалай елестесіз?
      Қазақстандық телевизияның 20 жылдық болашағы зор деп ойлаймын. Әсіресе жастардың шет елдік білімін дамыту, ағылшын тілін білу арқылы қазақ тевизиясының болашағын қалыптастыруға, әмбебап журналист болуына әбден болады деп ойлаймын. Болашақ бағдарламасымен шетелде оқып келген қазақ ұл - қыздарымыз мол тәжірибие жинап келіп, Отандық телеарналарда білікті де білгір маман болып жұмыс істесе деп ойлаймын. Қазақ телевизиясының тарихы терең болады деген ойдамын.
5. Жаңалықтар қызметін жүргізу сізге несімен ұнайды?
     Жаңалықтарда ұнайтын нәрсе өте көп. Бастысы - тікелей эфир. Тікелей эфирде өзін дамытып, жетілдіруге көп мүмкіншіліктер бар. Тікелей эфир кезінде репортер өзі қатысып тұрған оқиғаның көрінісін тыңдаушы көз алдына қатысып отырғандай әсер қалдырса ғана репортаж өз дәрежесіне жетпек.Тікелей эфир жаңалықтарын жүргізу өзіме қатты ұнайды. Жағымды жаңалықтарымыз көп болғай!