Ғылымның дамуының негізіне айналған ғалым

Ғылымның дамуының  негізіне айналған  ғалым
жеке
блог

     Егер сіз Мария Кюридің қолжазбаларына көз салғыңызыз келсе,  туындауы мүмкін  наразылық талаптарынан бас тарту қағазына қол қойып,  радиациядан сақтану мақсатында  қорғаныс костюмін киюіңізге тура келеді.  Тіпті Мария Кюри ханымның денесі   қорғасын табытта жерленген. Оның өлімі де радияцияның кері әсерінен болуы мүмкін деген тұжырымдар бар.

Мария Кюри сол кезде Ресей империясының құрамындағы Польшаның астанасы Варшава қаласында туып-өскен. Оның әкесі мектепте физика пәнінен сабақ берген және  химия ғылымына айтулы үлестер қосқан ғалым Менделеевтің жақын досы болған. Марияның ғылым жолына түсуіне өз ықпалдарын оның әкесі, немере ағасы тигізген болатын. Жас Мария өте зерек және болашағы зор оқушы болды, бірақ оның арман жолында көптеген қиындықтар кездесті.  Ол қоғамның түсінігі бойынша  әйел затының өкілі болғаны үшін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болмады. Оған қарсылық ретінде Мария ерікті поляк  университетіне оқуға түседі.  Қызығы, университеттің атауы – «ұшатын университет».  Ол поляк жастарына білім беретін жасырын   мекеме болатын.  Париждегі атақты Сорбоннада білім алу үшін жас Мария ақшасын үнемдеп, сонымен қатар, гувернантка мен үй қызметшісі болып қызмет атқарады.  Ол Сорбоннада физика мен математика ғылымдары бойынша диплом алады. Оның рационында тек  нан мен шай ғана  болған.  Мария кейде аштықтан талып қала берген. Бірақ, бұл жағдайлар оның ғылымға деген махаббатын, білімге деген құштарлығын еш кеміткен емес.мария и пьер

Ғашықтар қаласы Парижде Мария лабораторияға деген махаббатын бірдей бөліскен болашақ жары физик Пьер Кюриді кезіктіреді. Бірақ, ол әлі де Польшаға қайтып оралуды  армандайтын. Дегенмен,  Мария  Варшаваға қайтып оралғанда әйел затының ғылыми қызметте жұмыс атқаруының  әлі де  шешілмеген мәселе екенін түсінеді.  Бірақ, бұнымен ештеңе тоқтап қалмады. Парижде оны сүйктісі Пьер күтіп отырды. Парижге қайтып оралысымен Мария мен Пьер тез арада некелерін қидырып, өте мықты ғылыми команда болады.анри

Мария Кюри Парижде  бір физиктің жұмысына қызығушылық таныта бастайды. 1896 жылы Анри Беккерель уран фотоүлдірмен әрекеттесе алатын қасиетке ие (фотографияда пайдаланылатын жарық сезгіш таспа)  құпия рентген сәулелерін бөліп шығаратынын анықтайды.  Кейіннен Кюри торийдің (радиоактивті күміс түстес  ақ металл) де дәл осылай сәуле шығаратынын байқайды.  Ең бастысы, радияция күші элементтің физикалық не химиялық өзгерістерін емес,  көлеміне тәуелді болды. Содан Мария сәуле шығару  әрбір элементтегі  атомдардың күрделілігіне байланысты деген пікірге келеді. Бұл радикалды идея атомдардың  моделін бөлінбейтін объекттер ретінде қарастырылуын жоққа шығарды.

Осы тұжырымнан кейін,  барлық зейінді мықты радиоактивті руда немесе  шайыр қоспасына қойған ерлі-зайыпты Кюрилер  уранның бір өзі күшті сәуле шығара алмайтынын түсінеді. Қандай радиоактивті  элементтер бұған жауапты бола алады?полоний

1898 жылы Мария мен Пьер екі жаңа элемент жайлы мәлімдеме береді. Ол Марияның туған жерінің құрметіне аталған полоний мен латын тілінен «сәуле» деген мағына беретін радий элементі болатын.  Сонымен қоса,  Радиоактивтілік немесе радиобелсенділік  (кейбір химиялық элементтердегі атомдық ядроның сәуле жарығын шығарумен өз-өзінен таралуы) деген термин ойлап табады.

1902 жылы ерлі-зайыпты Кюрилер бірнеше тонна радиоактивті рудадан 1/10 грамм таза радий хлоридін бөліп алады. Бұл – сол кездегі үлкен ерлік болатын. Бір қызығы, 1 грамм таза радий алу үшін бірнеше вагон уран рудалары, 100 вагон көмір, 100 вагон су мен тағы бірнеше вагон түрлі химиялық заттар керек. Дәл осы жылы Пьер Кюри мен Анри Беккерель физика бойынша Нобель сыйлығына ұсынылады. Бірақ,  бұл жерде Марияның есімі еленбейді.  Пьердің ендігі мақсаты әйелінің лайықты көпшіліктің алғысына қол жеткізу.  1903 жылы Мария мен Пьер Кюрилер және Беккерель Нобель сыйлығын бөліп алады, ал Мария тарихтағы тұңғыш әйел-лауреат атанады.

 Жақсы қаржыланған және сыйлы Кюрилер бақытты еді. Бірақ, 1906  жылы Пьер  көше қиылысында кенеттен ат арбасының астына түсіп, опат болады.  Қайғыдан қан жылаған Мария толығымен зерттеу жұмыстарына беріліп, Сорбоннадағы Пьердің оқытушылық қызметін атқарады.  Сөйтіп, университеттегі тұңғыш әйел-профессор атағын алады.

Оның жекелей жүргізген зерттеу жұмыстары жемісті болады. 1911 жылы Мария химия ғылымындағы жаңалығы (радий мен полонийді ашуы және таза радийді бөліп алуы) үшін тағы да Нобель сыйлығына ие болады. Ол әлі күнге дейін тарихтағы екі түрлі ғылыми бағытта Нобель сыйлығын алған жалғыз адам.

Мария Кюри медициналық зерттеулер мен емдеулердің көрінісін өзгерткен ұлы ғалым.  Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде  мобильді радиологиялық бөлімшесін ашып, радиацияның  ісікке әсерін зерттеді. Дегенмен, адамзатқа тигізген пайдасы үшін Мария өте жоғары баға төледі.  1934 жылы Мария Кюри сүйек кемігі ауруынан қайтыс болады. Қазіргі таңда бұл дерт радиацияның салдарынан пайда болады деп есептейді. Марияның радиациялық зерттеулері физика мен химияны түсініп  білуге көп септігін тигізді. Оның онкология, техника, медицина мен ядролық физика және тағы да басқа ғылым салаларында сіңірмеген еңбегі жоқ.  Бұл жақсы ма,  жоқ па оның радиация саласындағы зерттеулері ғылымда жаңа дәуірді туғызды. Мария Кюридің еңбегі арқылы ғылымның ең ұлы құпиялары ашылды.

Қалай ойлайсыз, Мария Кюридай ғылымның біртуар жұлдызы енді туады ма?