Ғұмар Қарашев және Қазақстан газеті
блог
Ғұмар Қарашев қазақ халқының ертеңі мен болашағы үшін күресіп, қолынан келгенше көмек көрсетіп жүрген қоғам қайраткерлерінің бірі. Ақын Ғұмар жастайынан зерек, білімге құштар болған. Ол тек қазақ тіліндегі басылымдарға мақала беріп шектелген жоқ.
Ғұмар өзінің туындыларында әртүрлі қоғамда маңызы бар тақырыптарды арқау етіп мақала жариялаған. Мәселен, өз заманындағы тек қара басының қамын ғана ойлайтын кейбір билік басындағы шенеуніктердің теріс әрекетін сынаған . Одан өзге, қарасаң көз тоймайтын еліміздің табиғаты, өмір шындығы, махаббат тақырыптарын туындыларын газет беттеріне жариялаған. Ғұмардың жазған еңбектері Қазақстан тағы да бірнеше газет журналда жарық көрген. Қайраткердің "Қазақстан" газетіне біршама жақындығы бар еді. Ғұмардың мынадай бір ауыз сөзі көпшіліктің жүрегіне жетіп ,жақсы ой туындатқандай болды ."Газетте жазылған мәні бар тақырыптарды оқу арқылы көп нәрсеге біздің көзіміз жетеді. Білімімізді жетілдіріп , өмірге деген көзқарасымыз осы газетті оқу арқылы өзгеруі мүмкін"- деп топшылады. Ғұмардың " Ойға келген пікірлер " , "Қарлығаш" еңбектері жарыққа шықты. Осы тұста "Неден қорқамын" атты өлең жолдарын талдасам: мұнда іштен шыққан жау жаман екенін , ештеңе істемей қол қусырып уақытты бос өткізіп жатқандар қорқамын деген. Сондай- ақ доспын деп жүріп сыртынан басқа іс жасап жүргендер , табиғаттың күтпеген тосын жағдайларынан ,ұзақ уақыт дос болып кейін сатып кеткен достан, өмірде өз жолын таппағандардан қорқу керек деген . Себебі , өлең жолдарында айтылған әрбір ой қазіргі замандағы ең актуалды тақырыптардың бірі. Заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме бұл жағы белгісіз… Ең бастысы адамгершілік қасиеттімізді ұмытпай , біреудің ала жібін аттамай өз жолымызбен жүрсек болғаны.
Қорыта айтқанда біз үшін мына жас ұрпақ үшін барын салып , біздің жарқын болашағымыз үшін күрескен ата-бабаларымызды, ақын, жазушыларды ұмытпағанымыз абзал.
Нұрайым Қазнабек
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университетінің
студенті