Гүлнәр Оразымбетова продюсер іздеп жүр

Гүлнәр Оразымбетова продюсер іздеп жүр
жеке
блог

Сахна төрінен 3 жылдан аса көрінбей кеткен әнші Гүлнәр Оразымбетованың шығармашылық өмірінде жаңалық атаулы жетерлік.

Әнші үйде бос отырмай, 15 әннен тұратын «Сағыныш» атты күйтабағын шығарып үлгеріпті. Ол еліміздің табиғаты көркем Шарын шатқалында түсірілген. Бұған қоса, еліміздің тәуелсіздігіне арналған әнге  бейнебаян түсірген екен.

Ең басты жаңалық – әнші өзіне кәсіби продюсер іздеп жүр. Әншінің қоятын талаптарына назар аударайық.

«Әдеттегідей қанша концерт беріп, соның пайыздарын алатындай жүйе болмайды. Менің  продюсерім  арнайы ресми жалақы алып отырады. Себебі күйеуімнің Парламент Мәжілісіне депутат болып сайлануына байланысты, мен  көбінесе үй шаруашылығы мен бала тәрбиесімен айналысамын. Кейбір күндері менің  үйде отыратын сәттерім де болып қалуы мүмкін», - деп әнші Гүлнәр Оразымбетова отбасы мәселесі бірінші кезекте тұратынын жасырмады.

Гүлнәрдің жеке пікірі бойынша, елімізде үлгі тұтатын продюсер ретінде Баян Есентаеваны құрметтейді екен.     

«Елімізде Баян сияқты өзінің жұмысын нақты білетін продюсерлер көп болса, жақсы болатын еді. Менің арманым – осындай продюсерге жолығу. Дегенмен Баянның өзіне барған жоқпын, себебі ол бүгінгі таңда тек қана жас әншілермен жұмыс істейді», - деп Гүлнәр Оразымбетова талабынан танбайтынын жеткізді.

http://1tv.kz/kk/news/culture/27022012/orazymbetova