Қайырлы күн, алаш жұртым ! Гүл сабағымен қадірлі, Ас табағымен қадірлі демекші, өсіріп жатқан гүлімнің пайдасы мен қызығына әлі де қуанудамын. Табиғаттың бізге берген сыйы қаншама. Мөлдір аспан, таза ауа, құнарлы жер, жасыл желек, алуан түрлі аң-құстар, нулы орман, жазық дала, асқақ тау, тұп-тұнық көл, асау өзен, терең теңіз бен ұшы қиырсыз мұхит, сыңғырлаған бұлақ, барлығын тарқатып айта берсең сөз жетпестей. Не деген сый десеңізші. Осыншама сыйлық алған біздер, адамдар, жер бетіндегі ең бақытты жаратылыспыз. Табиғатқа қарап тұрып шаттана аламыз. Бізді ең көп шабыттандырып, жақындық сыйлайтын, жүрегіңдегі сөзді жеткізе алатын табиғаттың тағы бір сыйы бар, ол- әдемі де әсем гүл. Гүлге бей-жай қарау мүмкін емес, көзің түскеннен ішкі әлеміңді сазға бөленіп, жүзіңе еріксіз күлкі үйірілгенін байқамай да қаласыз. Рас, рас, гүл қуаныштың күлкісін шақыра алады. Өзіңіз гүлге қарап жылаған жанды көріп пе едіңіз?! Жоқ әрине, гүлге қарап, жүректі жайлы қылатындай күлкі келері анық. Таң атысымен, қастарына барып, су құйып, күндеріне сәттілік тілеу- менің сүйікті ісім. Содан болар, гүлдерім жарқырап шыға келеді. Екі апта бұрынғы кезім міне:
Суретте көріп тұрғандарыңыздай, бір айда "Айзере" гүлім жақсы көрсеткішке ие болды. Бұдан ары қарайда, гүлдеріме жақсы қарап, уақытылы суын құйып, одан да жақсы көрсеткішке ие болады деп уәде беремін. Блогымды мына әсем өлең шумақтарымен аяқтағым келеді:
Өз қолымен ыдысқа,
Отырғыздым үй гүлін.
Сабақтары қып-қысқа,
Терезеден сүйді күн.
Топырағын қопсытып,
Мезгілімен суардым.
Жапырақ жайып өсті тік,
Қызыға қарап жүр әркім.
P.S. Күндеріңіз сәтті өтсін!