Гүлге оранған қала

7 наурыз. Гүлмен көмкерілген арулар, арулар жанарындағы қуаныш.... Гүл құшақтап сүйгеніне асыққан жігіт...Гүлге оранған  әйелдер...

Қала толы гүл...

Мен де апайымды құттықтауға ақ гүл сатып алдым. Барсам, апайым да гүлдердің ортасында отыр. Жүзі жайнап, менің әкелген гүліме де жылы сөзін айтуды ұмытпады: "Аппақ гүл, ерекше екен!"

Әр аялдама жанында гүлдер сатылып жатыр. Қызыл, сары, ақ, гүлдер өз иелерін күтіп, өткен-кеткен кісіге жымия қарайтындай.

Кеңсеге келдім. Кеңсе де гүлге оранған. Ұжымдағы ұлдардың берген гүлдері компьютерлер арасынан сығалап, нәзіктік пен сұлулықты паш етіп, арулардың жүректеріне қуаныш өреді. 

Бүгін бүкіл әлем гүлге оралған. Гүлге емес, нәзік қауымның күлкісіне бөленген. Әйел мен гүл бір-бірімен бітісіп, біртұтас бейнеге айналғандай... 

сурет: nnm.ru



Бөлісу: