Гүлдене бер, Астанам!

     "Ел болам десең - бесігіңді түзе" демекші, ел болып, тәуелсіздік алғанымызға мінеки 23 жыл болды. Осы қиын да сындарлы жылдар ішінде еліміз көптеген қиындықтарды басынан өткерді. "Қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны" бар жанкешті жаужүрек жастарымыз егемендік жолында қасық қаны қалғанша күресті. Соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Айтулы күндері ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Біз тәуелсіздік іздеп, соқпақпен де, сүрлеумен де жүрдік. Басты мұрат - қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына мейлінше бекем болу. Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кие. 

     Елбасымыз ұлы хандар салып кеткен даңғыл жолмен жүріп келеді. Ұлы хан Абылайдың үш арманын орындады. Бірінші, Есіл бойына қала тұрғызу, екінші, үш жүздің басын біріктіру, үшінші, егін шаруашылығын дамыту.Тәуелсіз, діні, ділі бар елдің елордасы болады. Біздің астанамыз осы уақытқа дейін көп ауысқанымен, тәуелсіз ел болғалы елордамыз - Астана қаласы. 1995 жылғы елбасының жарлығымен елордамыз Астанаға көшу туралы құжатқа қол қойылып, 1998 жылдың маусымында ресми түрде тұсаукесер өткізілді. Есіл бойына аспанды жайнатқан шаһар тұрғызды. Ғасырға бергісіз 17 жыл ішінде Астанамыз әлем көз тіккен әсем қалаға айналды. Астанада өткен халықаралық, ұлтаралық форумдар елімізді төрткүл дүниеге танытты. Елбасының кемел саясатының арқасында құшағын кеңге жайған бауырмал мемлекетке айналдық. Ұлттың ұлы мұраты - "Мәңгілік ел" идеясы, болашаққа жол бастар - "Нұрлы жол" жолдауы еліміздің одан әрі дамуына үлкен жол бастайды. Осындай кемеңгер саясат пен ақыл-ойдың арқасында ынтымағы жарасқан бұлжымас елге айналдық. Және үшінші. Кенесары арман етіп кеткен егін шаруашылығы бүгінде қарқынды даму үстінде. Еліміз дәнді-дақылдар егіп, оны экспорттаудан алдыңғы қатарда. 

   Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, бірлігі бекем, ерлігі ерен болуына тамшыдай болса да өз үлесімді қосқым келеді. Артымнан елге - мұра, ұрпаққа - ұран болардай, із қалдыру кімнің де болсын арманы болар. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев.

Елбасы бастаған нұрлы көш - өз жолынан ешқашанда адаспақ емес. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.






Бөлісу: