Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің түлегі Гүлбану Алматы облысы, Райымбек ауданында туып өскен. Телевизия саласында он жылдан аса қызмет еткен, өзіндік стилі қалыптасқан Гүлбану «31 арна» жаңалықтар ұжымына 2012 жылы қосылды. Өзінің айтуынша, сөз бен істің қадірін білетін, ішкі иманы бар, пейілі кең адамдармен араласқанды ұнатады. Әріптестерінде жауапкершілік пен сенімділікті құрметтейді.
«Гүлбану кәсіби маман. Журналистиканың қыр-сырын жақсы танып, ыстығы мен суығын көрген. Ол Информбюроға келгенде, біздің топ қатты қуанғаны есімде, - дейді «31арнаның» ақпараттық бағдарламалар директоры Болат Мүрсәлім. Содан бері қандай жағдай болмасын, кез келген тақырыпта көрермендерге ең қызықты, ең пайдалы ақпаратты тауып, ұсынып келеді».
Бүгін Гүлбану кәсіби журналистер шоғырланған Информбюроның астаналық бөлімшесінде шеф-редактор қызметіне кірісіп кеттті.. Оның алдына қойылған негізгі мақсат - Руслан Ерболат бастаған жұмысты ары қарай жалғастыру.
«Информбюро» телевизиялық ақпараттық бағдарламасының тарихы 1997 жылдан бастау алады. 17 жылдың ішінде миллиондаған көрермендер үшін шұғыл, өзекті, ақиқат ақпардың басты қайнарына айналды.