Гүл сыйлау арқылы адамдар бір-біріне деген ізгі тілектерін және ыстық ықыластарын білдіреді.Күнделікті өмірде гүлді үлкенге де,кішіге де ұсынып жатамыз.Бірақ,әрбір жағдайда әр түрлі гүл ұсынылатынын ескере бермейтін жайымыз бар.Расында сіз гүл сыйлау білесіз бе?Қандай гүлді кімге,қандай жағдайда сыйлаған жөн?...
Енді гүл сыйлау ерекшелігіне тоқталатын болсақ,кез келген гүлді сыйға тартқанда ,оның түсіне,сабағының ұзындығына,пішініне қарау керек.Ақ түсті гүл адамның көңіл-күйін көтереді,сары түсті гүл-жылу мен дарықтың белгісі,ал күлгін түс--кеңдік пен сенімділікті,қызыл гүл мерекелік көніл-күйді сипаттайды.
Негізінен тұрмыс құрмаған жас қыздарға гүл әлі толық ашылмаған,жұпар йісі бар,сары немесе күлгін түсті раушан,меруертгүл,ақ түсті бақыт гүлің сыйлаған жөн.Жас келіншектерге гүлі толық ашылған,алқызыл түсті баршынгүл,қызғалдақ,ашық түсті қалампыр,бақытгүлін,нарғызгүлін тарту еткен дұрыс.Қызбен алғашқы кездесуде бойжеткенге бір түсті гүл немесе түймедақ сияқты дала гүлін апарған дұрыс.Ал мерейтой мен жаңа кәсіп орынның ашылу салтанатына он шақты гүл түйілген ақ түсті гүлдер сыйлау керек.Неке қию салтанатына ақшыл сары түсті раушан мен ақ немесе күлгін түсті қалампыр,не болмаса ашық түсті гүлдер сыйлаған жөн.Қоныс тойына ыдыста өсіп тұрған гүлдерді апару керек.Ал аналар мен апаларға,әжелерімізге алқызыл түсті раушан мен түсі сары бақытгүл немесе ашық түсті қызғалдақ тарту еткен жөн.Нәресте туылғанда анасына күлгін немесе қызыл түсті раушан,қалампыр.фрезияны сыйлайды.
Гүл-сезімнің шынайы көрінісі.Сыйға тартылған қайсы гүл болмасын шың жүректен тарту етілсе болғаны.