Гүл орнына сыйлаған сыйы осы! Баршасына арнайды - Замира досы
блог
Басқандай боп аяғым соңғы қарды
Келмей бірақ аяғым, жолды басты
Түнгі Алматы, жылы жел, ызғар бар-ды
Құттықтау керек анам, гүл-қыздарды
8-і наурызыңның жақын қалды
Сансыз көп аспандағы жұлдыздардай
Сыйлық алу әрбіріне шамам қайда-айJ
Көңіл шіркін дархан ғой құттықтамай
Тұра алам ба, айдай әсем құрбылар-ай!
Құттықтайын ең бірінші жан досымды
Келгеннен-ақ тілегіміз бір қосылды
Гүлжан Серік – аппақ айдай әрі ақылды
Әлия, Мәншүктердей бұл батырдыJ
Құттықтаймын! Журналист бол, сөзі өтімді!
Абайдай ұл әкелгін ару – Ұлжан
Салмақты, салиқалы бітім-тұлғаң
Ата-анаң екі әпкеңнің тұтқасысың
Мақтансын, сендей қызбен сол отбасың!
Әсемгүл – күлкің сәби қытықтайды
Әуелден жібек шашың бізге ұнайдыJ
Маманы бол өз ісіңнің ұшқыр ойлы
Сүйікті бол, ана бол, үйге жайлы!
Шолпысы сыңғырлаған Аяулым-ай
Сыңғыры тоқтамасын күлкің ұдай,
Қызы болған әжесінің ерке-тотайJ
Ер-жігіт ғашық болсын саған құлай!
Қылықты Айдана қыз мың бұралған
Қызықтаймыз жүзіңді мың құбылғанJ
Бірде күндей боласың жарқыраған
Айнымағын әрдайым бұл қалпыңнан,
Ойнап-күліп, сыласайық - дүние жалған!
Қыздар, тек 8 наурызда ғана емес, бұл сендерге қашанда айтылар өмірлік – ізгі тілек. Жоғарыда аты аталмаған журналистика факультетінің аруларын тізуге бет жетпес, олардың әрбіріне - бақыт, шаттық пен махаббат бұйырсын!!!