Студенттік өмір-рахат өмір,еркін өмір деп жатады көбісі. Қызығы мен шыжығы,базары мен ажары,қуанышы мен қиындығы қатар жүретін өмірдің ең бір керемет шағы...
Бұлар менің 2 жыл оқыған группаластарым,жандарым,кітапханашыларым,Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері,амазонкаларым. Қалаға келіп "кітапхана ісі"мамандығы бойынша оқуға тапсырып грантқа түскеніне қуанып түспегендері ақылы бөлімге тапсырып бұл мамандықты жаны сүйіп келгендерде амалының жоғынан тапсырғандарда болды. Жан жақтан жиналдық. Осы кезден "перваштық" кезең басталды. Қыркүйектің 1 нен бастап группадағы қыздар бір бірімізбен танысып,атымызды жаттап, селфи жасап пысықтары телефон номерлерінде жазып алып жатты.Кураторымыз Индира Қайыршаққызы болды.Сөйтіп сабақты да бастадық))Бастапқы кезде окошкалар көп болды сол кезде бізге жақыны таңатпай парк Кироваға барп өзімізше красавицалар боп фотоға түстік.Солай бір бірімізбен жақын таныса бастадық. Группада 18 қыз. 18 түрлі мінез әркімнің өз ерекшеліктері бар. Əр түрлі ауданнан ,əр түрлі сөздер.(əскер) бір -біріміздің сөзімізге түсінбей күліп аламыз. 1 курс -ең таза қөңілдердің танысып табысатын уақыты. Гранттағылар үшін ең алғаш степендия ыстық көрінеді өз еңбегіңмен алған ақшаны алып мəз болдық, ең алғаш сессияны да қорқынышты үреймен күттік.Барымызды салып оқыдық сабақтан қалмадық кешікпедік.Мұғалімдерді көріп арыстанды көрген қояндай қорқып жан жаққа жалтақтап 2 курс бой үйреніп, офицантка сияқты студенттің жұмыстарында атқарды біздің кей қыздар,сынақ кітапшасын 4-5 ке толтырып мəз боп жүретін,мұғаліммен құрбы құрдасша сөйлесіп, біз үшін биыл практика,курсавой,гост диплом деген сөздерді қайталай беретін кезең. Алла бұйыртса биыл диплом алу жылы бітіретін кезең тез өтіп кетті. Әркімнің өз алға қойған мақсаттары армандары бар. Кейбіреулері мамандық бойынша жұмысқа кейбіреулері жоғары білім алу. Арман мақсаттарын орындалсын қыздарым.
Әйгерім-Шағатайский қыз. Аққөңіл, үнемі күліп жүрет.
Айша- Шыңғарлауский қыз,сөйлете алмаймыз бір сөз айтса қуанамыз
Айдана-Серебрековалық қыз 95 жылғы апамыз.киноны жəəəммəəəнн көрет.