Грэмми 2014 жаңалықтары

1958 жылдан бері табысталып келген Американдық дыбыс жазу академиясы ұсынған «Грэмми» сыйлығының 56-ншы рәсімдеу салтанаты 26-шы қаңтарда Лос- Анджелестің Стэйплс-центр атты спорт- аренасында дүркіреп өтті. Әдетте ақпан айында өтетін бұл- музыканттар шеруі Сочидегі оллимпиядаға жағаласпай, жүлделерін ертерек марапаттауды жөн көріпті. Кеш ұйымдастырушылары осымен екінші жыл қатарынан шоу-бизнес алпауыттарына киім таңдау жағынан шектеу қойыпты. Алайда, бұл қызыл кілемге шыққан Бейонсе, Тейлор Свифт, Сиара, Пинк, Пэрис Хилтон сияқты аруларға ел назарына ерекше ілініп, әдемі болуларына еш кедергі болған жоқ. Танымал бикештеріміз белгілі Эмилио Пучи, Ланвин, Армани, Гучи сән-үйілерінің ақ түсті жылтыр көйлектеріне аса мән беріпті. Бар жылтыры мен жақсысын тағып шығатын шоу-бизнестің нәзік жандыларының ішінен « Бұны киерде не ойлады екен?» деген сұрақты қоюға мэжбүрлейтіндеріде табылды . Сәнгер мамандардың айтуынша Кэти Перри «Валентино» -ның көйлегін таңдап қателеспеспін деп ойласада, ноталар бейнеленген бұл көйлек талғамсыз таңдалған деседі. Сәнқой сыншылар сахнаның көзайымына айналған Мадоннаныда сын астына алды. Ұлымен қол ұстасып келген әншінің қара костюмі мен жылтыр қолғабы мұндай шараға мүлде жараспайды екен. Стилисттердің «қара тізіміндегі» аса жақсы киіне қоймайтын Пинк, бұл жолыда өз дене бітіміне жарасымсыз, ал-қызыл түсті көйлек киіп шығыпты.
«Грэмми» салтанатты- рәсімін ерлі-зайыпты RnB бағытының ханшайымы Бейонси мен 17- рет «Грэмми» сыйлығының иегері болған белгілі рэпер Джэй Зи «Дранк ин лав» әнімен таңдай қақтырар үлкен шоу жасап ашты. Жеңімпаздар есімі сыйлықтар табысталмай жатып-ақ белгілі болған еді. Қошеметке толы «Үздік дыбыс жазу» номинациясын 2013 жылдың хит-әніне айналған француздық дуэт Фарелл Уильямс пен Дафт Панктың «Get Lucky» жобасы жеңіп алды. Бұған қоса Фарэлл Уильямс 2013 жылдың «Үздік продюсері» атағын қанжығасына байлаған болатын. Британдық 25- жасар жас әнші Адель, бірден екі « Грэмми» сыйлығының иегері атанды. «Агент 007» фильміне арналып жазылған «Скайфол» әні « Үздік саундтрек» және « Үздік ән» атанды. Естеріңізге сала кетсек 2012 жылғы Грэммиде Адель «Rolling in the Deep» әнімен 5 Номинация бойынша жеңіске жеткен болатын. Жас әншілер қатарынан былтыр «үздік орындаушылар» номинациясына кірген Бруно Марста « Поп жанрындағы үздік альбомы» үшін марапатталды. Алдына дес бермей келетін әнші-композитор, 16 – рет Грэмми сыйлығының жүлдегері Пол Маккартнида « Үздік рок-әуен», «Үздік музыкалық фильм» номинацияларының жеңімпазы болды. Ұрыс-жанжалсыз өтпейтін «Грэмми» , осы жолыда ерекшеленген жоқ. Бір өлең айтып шығу керек болған Дэйв Грол сахнаны 15 минут бойы босатпапты. Ал, теле түсірілім оның тек 3 минуттық орындауын көрсеткеніне долданған Дэйв ұйымдастырушыларға наразылығын білдіргенге ұқсайды. Таң қалдырудан жалықпайтын Пинктің Көрермендер басынан қалықтай ұшып ән салғаны, Джулия Робертстің Пол Маккартни екеуінің дуэт болып шырқағаны және Мадоннаның бір жынысты неке құрушыларды қолдау мақсатымен «Өз жүрегіңді аш»( Open Your Heart) синглы залдағы көрерменді ерекше әсерге бөледі. Тағатсыздана күткен « Грэмми» әдеттегідей, аса жоғарғы деңгейде аталып өтілді. Музыка өнерінде еренбей еңбек еткенімен және оның дамуына үлес қосқаны үшін сыйлық беру рәсімі әсем әуен мен таңғажайып шоуға толы болды.



Бөлісу: