Грант,ұбт-адам тағдырының соңы емес

Грант,ұбт-адам тағдырының соңы емес
жеке
блог

Маусым айы… Бәрімізге белгілі мектеп түлектерінің өз ұяларынан ұшып, қанаттары қатая,жаңа өмірге бастау алатын кезеңдерінің бірі. Сондай ең қобалжыйтын сәттің бірі- ұлттық біріңғай тест тапсыру. Әр жылдың маусым айында, қаншама түлек ұбт тапсырып, 11 жылдық демейін, ашығына келген де, соңғы 2 жылдық өзінің еңбегінің жемісін көретін нағыз сәт. Ұбтны шынында оқыған адам алатыны сөзсіз. Дегенмен, бақ пен баптың қатар жүретінін еш ұмытпағайсыз.

Шынында да, ұбтыдан жоғары ұпай жинап,  ақысыз бөлімге түсу әрбір оқушының арманы. Әйткенмен де, бұл өмірдің соңы емес екенін ұмытпағайсыздар! Бұлай деуімнің себебі: соңғы уақытта ғаламтор желіснен ҰБТ тапсыра алмай жатқан балалардың өз-өздерін тастап, өмірдің мынау кішкентай ғана сынына төтеп бере алмай жатқанын көп байқаймын. Ешқашан Алланың сізге берген үлкен сиы-өмірді, өлімге айыр бастамаңыздар.Асықпаңыздар,ол мәңгілік ұйқының өз кезегі келеді…

Егер ҰБТ-дан жақсы балл жинай алмай, ақысыз бөлімге түсе алмай жатсаңыз еш қайғырмаңыз! Қайта күш-жігеріңізді қолға алып, ең керемет ЖОО-на ақылы бөлімге түсіңіз.  Оқу бастала, бар ынтаңызды оқуға арнап, өзіңізді дәлелдеңіз. Егер сіз жақсы оқып, белсенді студент қатарынан табылсаңыз,сізді ақысыз бөлімге ауыстыру әбден мүмкін емес пе? Бұл дегеніміз сіз өз-өзіңіздің қаншалықты мықты екеніңізді дәлелдейтін нағыз сәт. Сондықтан да, еш қаймықпай тек алдыға қараңыздар. Мейлі, төмен балл болсын, мейлі ақылы бөлім болсын. Ең бастысы бойыңызда адамгершілік мінезіңізбен төзімділігіңіз болсын. Сонда барлығы жақсы болатынына, 100% кепілдік беремін. Блогымның аяғын ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңімен аяқтасам деймін:

Шыда, шыда!

Шыдай түс, тағы шыда!

Тау құлатқан тасқынның ағысына,

Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,

Қарысуға болады, алысуға...