Грантқа түспедім...Енді не істеймін?

 

  2015 жыл.10 тамыз.Түн.Отбасымызбен ҰБТ-ның жауабын күтіп отырмыз.Туған-туыстардың бәрі дерлік ата-анама хабарласып, « -Қызың грантқа түсті ме?» - деп сұрап жатыр.Бірақ әлі гранттың жауабы шықпады.Сағат 12-ден асып бара жатыр.Бәріміз ұйықтадық.

  11 тамыз.Ұйқымнан тұрдым.Сағат 10:30-дар шамасы. «Вконтакте» желісіне кірсем,сыныптастарымның біршамасы грантқа түскенін қуанышпен хабарлап жатыр.Мен де қуанып,оларды құттықтап,өз есімімді іздеуге кірісіп кеттім.Таба алмадым.Сыныптастарым да қосылып іздеп жатыр.Менің есімім жоқ.Мен грантқа түскен талапкерлердің қатарында емеспін.Мен 11 жыл бойы үздік оқып, «Алтын белгіні» қорғай алмап едім,енді грант та жоқ.Менен төмен балл жинағандар грантқа түсті.Әрине,мықты мамандықтарға емес,бірақ,олар грантқа түсті.Мен күні-түні бойы тест жаттап,сыныптастарымнан үздік оқысам да,грантқа түспедім.Бұл мен үшін үлкен стресс болуы керек еді.Бірақ мен ата-анама: « -Мен, кешенді тест тапсырамын » - дедім.Содан үйге сыныптас қыздарым келіп,Жібектің үйіне қонатын болып шештік.Арада күндер өтіп жатты.1 қыркүйекте жақындады..Сыныптастарымның барлығы оқуға дайындалып,кейбіреуі Алматыға жол тартып жатты.Ал,мен,өзіме : « - 1 жыл бойы дайындаламын,бір жағынан жақсы,ағылшын тілін оқып, «Массагет» сайтындағы «Сән» айдарын қарап,киімдерімді соңғы үлгіде реттеймін,тағамның түр-түрін жасауды үйренемін»  - деп қоямын.Алайда,бұл пікіріме ата-анам қарсы болды,содан мені Шымкент қаласындағы Мирас университетіне ақылы бөлімге оқуға түсірді.Ал,менің ақылы бөлімде оқығым келмеп еді.Содан, 1 қыркүйек келді.Жаңа группаластарыммен танысып,араласып жатырмын.Осылайша,мен студенттік өмірге аяқ бастым.Алғашқы сабақтар,алғашқы аралық бақылау(рубежка),алғашқы сессияны артқа тастадым,бұл алғашқылардың бәрінің мен үшін орны бөлек.Сол уақытта «Массагет» сайтында, алғаш универге барғанда группамен,апайлармен қалай араласу керек екендігін,тіптен,алғашқы күні қандай киім кию керек екендігі де жазылып жатты.Әдеттегіше,мен бұл ақыл-кеңестерді пайдаландым.Өйткені,алғашқы көрініс өте маңызды.Менің бұрынғы группаластарым менің алғашқы күні қандай көйлек кигенімді естерінен еш шығарған емес.Ия,мен бұл универде 1 жыл ғана оқыдым.Өйткені,ары қарай оқығым келмеді.Жоқ,маған универ ұнамады емес,универдің студенттерге ұсынар мүмкіндігі көп.Маған менің ақылы бөлімде оқығаным ұнамады.Мен,әркез өзіме: «-Универде ақылы бөлімде оқығанша,сол ақшаға кешенді тестке дайындайтын орталықта дайындалсам болады ғой!», - деп айтатынмын.Ақыры үйдегілерге одан ары қарай ақылы бөлімде оқығым келмейтінін,универден шыққым келетінін,ата-анам маған сенсе,грантқа өз күшіммен қол жеткізе алатындығымды жеткіздім.Басында ата-анамды көндіру оңай болмады.Бірақ,соңында мені қолдады.Сол уақытта ата-анамның мені түсінгеніне Аллаға мың да бір шүкіршілік етемін!Осылайша,мен оқудан шығып,кешендіге дайындайтын білім орталығына қатыстым.Аллаға шүкір,кешенді тесттен жоғары балл жинап,қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің 3-курс студентімін.

  Құрметті оқырман,егер сіз де,мен секілді грантқа түсе алмасаңыз,еңсеңізді түсірмеңіз!Білімдісіз бе,өзіңізге сенесіз бе,онда дәлелдеңіз!Есіңізде ұстаңыз,сіз ең мықтысысыз және өзіңізге сенгенде ғана сіз бәріне қол жеткізе аласыз!Мен сізге сенемін!



Бөлісу: