Жоғарғы оқу орнында шығармашыл мамандықтарға түскелі отырған түлектер, Ұлттық Біріңғай Тесттен кейін шығармашылық емтихан тапсырады. Бұл жыл сайын болатын сынақ. Бірақ, барлық уақытта бір зат өзгермейді. Ол: шығармашылық емтихандарға дайындайтын курстардың болмауы. Өйткені, айтып өткендей, оқушылардың дені бұл емтиханның талабын, ережесін білмей, ұғынбай жатады. Ал биылғы жас түлектер үшін керемет жаңалық бар! Иә, алғаш рет Қазақстанда шығармашылық емтиханға дайындайтын курс ашылды. Бұл бұрын соңды елімізде болмаған стартап. Қазіргі уақытта Қазақстанның түкпір-түкпірінен курс қатысушылары жиналып, білім алып жатыр.
Qadaz.media – бұл бұрын- соңды елімізде болмаған стартап.
Qadaz.media- арманы мен мақсаты бір болған, журналистердің шыңдалатын ортасы. Қазіргі уақытта Қазақстанның түкпір-түкпірінен курс қатысушылары жиналып, білім алып жатыр.
23.11.2020 «qadaz.media-ның өмірге келген күні»
Негізі, әуел баста, біз журналистиканың қыр- сырын үйрететін курс болған едік.-Журналистикаға қызығушылық танытатын адамдармен өз тәжірибемізбен бөлісіп, курс ашайық,- деп, Еркежан Ауесбекова ұсыныс білдірді. Ол алғашқы лекті жинақтап, әртүрлі төрт жас журналистерден бір команда жасақтады (Құдайберген Аяулым, Бекмырза Дана, Рахметова Зарина). Сол бір күн әлі есімде, кеше ғана болған сияқты. Түсінесіздер ме, басында әлі болашағымызға деген көзқарас бұлыңғыр еді, қай бағытта әрекет етуді түсінбедік. Бірақ бастысы, біздің команда оңай емес және ұзақ жол басталғанын әрі не болмасын жолдан таймау керектігін жете түсіне білді. Естелегімнен үзінді: білесіздер ме, ең алғашқы лек жинақталғанда бәріміз соншалықты қобалжыған едік. Бірақ, сары уайымға берілмей, басты мақсатымызды бір мезетке болмасын ұмытпадық. Әлі күнге дейін күн- түн демей, дамуға итермелейтін себепкер күш- айқын мақсатымыз. Яғни, қазақ журналистикасының түбегейлі дамуына үлес қосу! Алайда «шығармашылық емтиханға дайындайтын курсқа қалай айналдыңыздар?» деген сұрақ сіздерде туындаған шығар.Алғашқы лек аяқталғаннан соң, әрі қарай не болмақ деп толғанып отырғанымда: «курстың концепциясын неге сәл өзгертпеске?»- деп ойланып қалдым. Анығын айтқанда, курсты өзге курстардан ерекше ету керектігін түсіндім. Ол үшін, әрине, жаңа идея керек болды. Сол кезде тағы бір сұрақ ойыма келді: «идеяны қайдан алуға болады?» Менің сол күні түсінгенім бойынша, идея проблема бар жерде туады екен.Мысалы, қоғамды, халықты бір мәселе алаңдатса, олар проблеманы шешіп беретін амал іздейді. Сондықтан, идеяның мәнін табу үшін мен қай жерде проблема, мәселе бар екенін іздей бастадым. Себебі, әрбір мәселенің таптырмас шешімі бар = шешім бар жерде сұраныс бар. Осылайша мен өз тәжірибеме сүйене отырып, қоғамды алаңдататын проблеманы анықтадым...Мектепті тәмәмдап, журналистика факультетіне түсер алдында мен қатты уайымдап, қобалжыған болатынмын. ҰБТ-дан кейін шығармашылық емтихан тапсыру керектігін түсіндім, бірақ қалай дайындалатынымды білмей, проблемаға душар болдым. Шындығына келсек, шығармашылық емтиханның не екенін де түсінбедім. Сондықтан оған дайындайтын курстар іздедім, бірақ барлығы нәтижесіз аяқталды. Шіркін, біреу болсын көмектессе екен, түсіндіріп берсе екен деп армандадым, бірақ ақыр соңында, Қазақстанда ондай дайындайтын курс болмағандықтан, өзіме жеке дайындалып, ізденіс үстінде болуға тура келді. Егер мен осындай проблеманы бастан кешірсем, өзге түлектер де қиналған шығар деген ой болды. Командамызбен ақылдаса отырып: елімізде жыл сайын түлектер осы мәселемен бетпе- бет келетіндерін анықтадық. Осыдан кейін біз тікелей іске кірістік. Курстың бағытын өзгерттік. Біздің жаңа мақсатымыз айқындалды! Біз журналистикаға түсуді армандайтын миллиондаған талапкерлерге көмектескіміз келді. Ең бастысы, бұдан пайда тауып немесе байып кету біздің ойымызға да келмеді. Өз басымыздан өткендіктен, шын жүректен әрі ізгі ниетпен түлектерге жәрдемдесе отырып, армандарының орындалуына, шығармашылық емтиханға дайын болуларына көмектескіміз келді. Қазақ журналистикасының дамуына үлес қосқымыз келеді! Сондықтан басты мақсатты жүзеге асыру үшін @qadaz.media қарқынды түрде еңбектеніп келеді! ,- дейді курс ұйымдастырушысы Аружан Амангелді.
Шынымен де, бұл үлкен бастама! Оған қоса, болашағы зор бастама екеніне көптің даусыз келісетіні сөзсіз. Сондықтан қызығы мен шыжығы мол журналистика саласына аяқ басқалы тұрған жастар үшін бұл керемет мүмкіндік. Барша мектеп түлектеріне сәттілік және курс ұйымдастырушыларына толағай табыз тілейміз!