Графикалық дизайнның қоғамдағы рөлі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

студенті Нұрахмет Айзере www.kaznu.kz

Жетекшісі: Тунгатова Ұ.А.

 

Графикалық дизайнның қоғамдағы рөлі

 

Дүкенде зат сатып аларда  көзімізге бірден түсетін заттардың қаптамасы екеніне бәріміз келісеміз. Көшеде жарнаманы көріп қалап бірнеше секундқа назарыңды іліп кететін  ол- графикалық дизайн туындылары. Белгілі бір зат туралы алғашқы ойды қалыптастыратын ол - графикалық дизайн.

Графикалық дизайн сөзін естігенде адамдар көбіне ол не деген сұрақтарды жиі қойып жатады. Адамдар жалпы «дизайн» сөзімен таныс болғанымен, графикалық дизайн деген көп адамдарға бейтаныс естіледі. Бірақ осы саланың туындыларын әсіресе қазіргі таңда қай жерге қарасақ та көре аламыз. Үстелдің үстінде, тоңазытқышта, көшеде, дүкенде де барлық жерден таба аламыз. Бірақ көбіне оның бәрін кім жасады, кішкене нәрсеге қаншама тер төгілді оған аса мән бере бермейміз. Қарапайым кәмпиттің қағазынан бастап, мән беріп те қарамайтын ұсақ логотиптерге, көшедегі жарнама баннерлеріне дейін барлығы графикалық дизайнның туындысы.

Негізінде графикалық дизайн: Мәтін мен суреттерді жарнамаларда, журналдарда немесе кітаптарда біріктірудің және үйлестірудің өнері немесе шеберлігі, деген анықтама берсек болады. Графикалық дизайн тек қана әдемілік пен әдемі қаптама емес, оның өзіндің функциялары бар. Графикалық дизайн ақпарат берудің өте айқын және жеңіл жолдарын қамтамасыз етеді. Графикалық дизайн - бұл біздің өміріміздің барлық салаларына, шынайы және цифрлық әлемге әсер ететін кең ұғым. Оның қай жерде қолданылатынын және қандай функцияларды орындайтынын қарастырайық:

Ақпаратты жеткізу тәсілі

Біз күнделікті қарапайым тапсырмаларды орындау үшін визуалды қабылдауды қолданамыз.

Мәселен, сіз супермаркетке барғыңыз келе ме? Жол көрсететін, нұсқайтын жол белгілерінен бастап, супермаркет ішіндегі нұсқағыштарды графикалық дизайнер жасаған. Кітап оқығыңыз келе ме? Сәйкес қаріп пен парақтың дәйектілігін қадағалау үшін сізге графикалық дизайнер қажет. Жақсы қағаз кітабын оқығанда, дизайнер оған қанша сағат жұмсағанын да білмеуіңіз мүмкін. Дұрыс таңдалған қаріптер, жол аралықтары, жиектер мен сөз тіркесімі сіздің көзіңізді аз шаршатуға көмектеседі. Аудитория алдында өнер көрсетуге барасыз ба? Визуалды сүйемелдеу ең маңызды нәрселерді  көрсетуге көмектеседі.

Маркетинг құралы

Apple  компаниясы туралы айтқан кезде, сіздің көз алдыңызда тістелген алма пайда болады, ал Сбербанкті еске түсіре отырып, біз жасыл логотипті елестетеміз. Графикалық дизайн брендтерді тануға және оларды нарықта жылжытуға қызмет етеді.

Сандық және баспа өнімдерінің элементі

Графикалық дизайн адамдарға ақпаратты жеткізуге көмектеседі.  Кейде ол өнімнің тікелей бөлігі болуы да мүмкін. Түсқағаздар да, сүйікті футболкаңызда немесе смартфон қабында не бейнеленгенін қараңыз. Осының бәрі графикалық дизайн өнімі.

Графикалық дизайнердің маңызды миссиясы - айналадағы хаосты ұйымдастыру және ақпаратты сөрелерге рет-ретімен орналастыру болып табылады. Графикалық дизайнның қазіргі кезде біздің қоғамымызда алатын орны өте үлкен. Ол тіпті бейсаналық тұрғыда адамдардың шешім қабылдауына билік етеді. 



Бөлісу: