Говард Стерн кім екенін білесіз бе?

   Говард (Цви) Аллан Стерн - АҚШ, Нью-Йорк қаласында ( 1954 жылы 12 қаңтар жұлдызында еврей-иммигранттар отбасында ) дүниеге келген. Оның әкесі Бен Стерн радиостанциялардың бірінде инженер болып жұмыс істеді, бұл арада әкесінің жұмысы Говардтың келешек мансабына әсер етті. Стерннің радиодағы музыка емес, ток-шоу бағдарламаларын тыңдауға құлшынысы артты. 5 жасынан " ең танымал радиостанцияда, беделді, белгілі жүргізуші " болуды армандаған кішкене бала өз мақсат-мұратына жетті.

   Қазіргі таңда Американың атақты теле-, радиожүргізушісі, жазушы және сценарист. Adult Video News Awards, Blockbuster Entertainment Awards, Golden Apple Awards сыйлықтарының иегері. Говард Стерн америкалық рейтингінің қорытындысы бойынша 20 жыл бойы ең үздік радио журналист және айлығы ең жоғары радио ди-джей (радиожүргізуші) болып табылады.

   1994 жылы ол өзін " барлық медианың ханы " деп атап, 18-% дауыс жинау арқылы Нью-Иорк қаласы әкімінің орнына өзінің кандидатурасын ұсынған.  

 



Бөлісу: