"Google.kz" не істедің?

"Google.kz" не істедің?
жеке
блог

Күнделікті өмірімізді интернетпен елестете алмасақ тұра алмайтын жастармыз. Кітап емес бүгін ақтаратынымыз Желі! Гугл! Онсыз болмайды. 

Қайтейін, үш миллион данамен үш рет шығып үлгерген "Көшпенділер" тарихи романын оқығаннан кейін Кенесарының басын іздемесем де, ол жайында мәлімет іздеуге асықтым! Тануға! Білуге!

Қарапайым Google.kz кіріп мағлұмат алмақ болған мені қара басты ма, әлде анау тұрған "қыздың" суреті әдейі тұрып қалды ма білмеймін, бірақ өзімнен өзім қысылып қалдым! 
Мені қойшы, ертең мектеп бағдарламасын қарап жүрген оқушы Кенесары деп кіріп ол туралы мәлімет емес, анау тұрға "қыз" туралы көп ойланып барар сабағына)! Күлкілі бірақ ащы...