Головкиннің қарсыластары не ойлайды?

Қайырлы кеш, қадірлеуге лайықты массагеттіктерім! Біраз уақыттан соң Головкин туралы блогпен қайта оралдым.


Генадий "GGG" Головкин(37-0-1, 33 КО) - орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы. Оны толығырақ таныстырудың да қажеті шамалы, әлемнің ең атақты боксшыларының қатарында болғандықтан, бүкіл әлемге мәлім.
Қазақтың осы бір сары баласының 15 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін қарымта жекпе-жегіне бар-жоғы бір аптадан аса уақыт қалды. Қарсыласы - Сауль Альварес(49-1-2, 34 КО), мексикалық кәсіпқой боксшы. Кездесудің қандай нәтижемен аяқталатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Бүгін мен сіздерге қазақстандық боксшыдан жеңіліс тапқан спорт шеберлерінің бұл кездесу туралы пікірін жинақтап жазып отырмын.

Давид Лемье, канадалық спортшы
Головкинмен кездескен күні: 17 қазан, 2015 жыл
"Головкиннің керемет стилі бар және ол қауіпті панчер. Жалпы екеуі де әлсіз емес. Бізді қызықты жекпе-жек күтіп тұр. Менің ойымша, кімнің дайындвғы жақсы - сол жеңеді. Головкин бұл жекпе-жекке әлдеқайда жақсырақ жаттығады. Мен Головкин қайтадан жеңіс тізгінін қолға алады деп есептеймін."

Ванес Мартиросян, американдық боксшы
Головкинмен кездескен күні: 5 мамыр, 2018 жыл
"Канелоның жеңіске мүмкіндігі бар, бірақ, Головкин - дәл қазір өте мықты. Бұл жекпе-жек нокаутпен аяқталады деп ойлаймын."

Мартин Мюррей, британдық былғары қолғап шебері
Головкинмен кездескен күні: 21 ақпан, 2015 жыл
"Алғашқы жекпе-жекте тең нәтижие болған жоқ, Головкин жеңді. Алдағы бәсекеде дәл сол нәрсе қайталанады, мен Головкиннің жеңісін күтетін боламын."

Келл Брук, британдық боксшы
Головкинмен кездескен күні: 10 қыркүйек, 2015 жыл
"Канело - өте жақсы спортшы, керемет бокстасады. Меніңше, екінші бокс кешінде мексикалық жеңеді. Жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталмаса, таңқалмаймын."

Малик Диарра, беларусь спортшысы
Головкинмен кездескен күні: 2008 жылдың 22 қараша
" Головкиннің жаттықтырушысы мықты. Абель Санчес — ең жақсы тактик жаттықтырушылардың бірі, сол себепті GGG қарсыласына қиындық келтіретіні сөзсіз."

Габриель Росадо, американдық боксшы
Головкинмен кездескен күні: 19 қаңтар, 2013 жыл
"Шыны керек, "Канело" - өте жақсы боксшы. Алдағы қарымта кездесуде Головкинге көп қысым көрсетіп, арақашықтықты қысқарту керек, сол кезде жеңіске жетеді. Себебі, GGG әлсіреген, баяу. Десе де, бұл жекпе-жекте күтпеген жағдайлардың орын алуы ғажап емес".

Вилли Монро, американдық спортшы 
Головкинмен кездескен күні: 16 мамыр, 2015 жыл)
"Меніңше, "Канело" Головкинді жеңе алады".

Мэттью Маклин, британдық боксшы
Головкинмен кездескен күні: 29 маусым, 2013 жыл
"Альварес жеңеді деп бәс тікпес едім. Бірақ, жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталады".

Сауль Альварес, мексикалық былғары қолғап шебері
Головкинмен кездескен күні: 16 қыркүйек, 2017 жыл
"Менің тәжірибем бар.Головкин мені жеңу үшін барын салуы қажет. Мен алғашқы жекпе-жекте өзімді керемет сезіндім. Оның күші мені таң қалдырмады. Менің қимылдарым тезірек. GGG-ді жеңу үшін соққылар көбірек жасаймын. Менің командам жаңа тәсілдер ойлап табуға ат салысуда."

Р.S. Пікірлер әртүрлі әлеуметтік желілерден, сайттардан қазақ тіліне аударылған



Бөлісу: