Ағымдағы жылдан бастап, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» және «Алматы жастарының конгресі» ұжымдық қорларының ұйымдастыруымен «Кедерісіз болашақ» жобасы бастау алды.Мақтауға тұрарлық бұл жобаның мүмкіндігі шектеулі жастарға берері мол. Бұл жоба 14-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастарға қолдау көрсету, білім деңгейін көтеру, денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстана отырып спортқа бейімдеу және қоғамды кедергісіз болашаққа айналдыру мақсатында жүзеге аспақ. «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында мамыр айында көру қабілеті бұзылған жастар арасында голболдан турнир өткізу жоспарлануда. «Жігер» қоғамдық қорының қолдауымен 19 сәуірден бастап голбол ойындарының дайындық жұмыстары Қазақ спорт және туризм академиясында аптаның сәрсенбі және жұма күндері 14.00-16.00 аралығында өткізілуде.