Ғибратты әңгіме-2

Ғибратты әңгіме-2
жеке
блог

Әрбір адамның өмірінде өз Анасы ең жақын, қымбат адам болады. Ол махаббаты тіпті құрсақта жатқанынан басталатын шығар. Есейе келе, Ананың ақ сүтін ақтау - баланың борышы. Қолынан келгенінше көмектесу, талаптарын орындау, сұрағанын жасау, т.б.

Енді параллель мысал: сол Анасының құрсағында бір тамшыдан пайда қылған Аллаға деген адамның махаббаты қалғандарынан бұрын қалыптасуы тиіс.

Сонда көп қолданылатын сылтаулар: "Мен Алланы сүйем, менің ниетім түзу, жүрегім таза, т.с.с., сондықтан Оның талаптарын орындамай-ақ қойсам да, ештеңе етпейді, бәрін кешіреді," - дегенді айтқан адам өзі осы сөзін қалай түсінеді?

Сонда Анасын да қатты сүйіп, бағалайтын адам сыртынан ниеті түзу, Анасын жақсы көреді, бірақ оның алдындағы еш парызын орындамаса, қартайғанда көмектеспей, сырқаттанғанда бақпай, сол сыртынан ниеті түзу болып жүре берсе, дұрыс па?

Алланы және Анасын сүйген адам Олардың алдындағы парыздарын толық орындауы тиіс.