Г.Головкиннің қанды моншасы немесе алпауыт жұдырықтары

Алдымен Геннадий Головкиннің  бокстағы қысқа тарихы, атап айтқанда өмірбаяны жайлы баяндағым келіп тұр.

1982 жылы, еліміздің көмірлі, кеңді астанасы – Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жалпы бұл қаланың бокс мектебі сонау советттер кезеңінен бастап, мықты болып саналады.  Елімізге талай мықты боксшыларды тәрбиелеп, қазақ батырларын әлемге паш етті. Соның бірі – Геннадий Головкин.

2003 жыл Әлем Чемпионы, 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген бокс шебері, 7-дүркін ел Чемпионы. Сонымен қатар, өзге де халықаралық сайыстардың жеңімпазы мен чемпионы. Атап айтқанда, жастар арасындағы 2000 жылы Әлем Чемпионы, Қ.Р-ғы алғашқы І Спартакиаданың чемпионы, 2001 жылы мұңайлы мемлекеттер арасындағы Әлем Кубогының иегері, ІІІ Шығыс-Азиялық ойындардың чемпионы. Сонымен қатар, тізімдеп жетістіктерін жаза берсем, өте көп. Бұл менің ойымша ең негізгілері деп санаймын. 2006 жылдан бастап кәсіпқой боксқа өтеді.

Кәсіпқой бокстағы тарихын 2006 жылы орташа (72 кг) салмақтағы деңгейде бастайды. Алғашқы 8 жекпе-жекті алдын-ала аяқтап, әлемге мықты, әрі техникалық жағынан жақсы жетілген боксшы ретінде ой қалыптастырады.  Кейінгі кездесулері есеппен аяқталса да, айқын басымдылығы айдан аңық болып тұр. 2007 жылдың қыркүйек айында француз Мехди Боудламен кездесіп (11-1), 2008 жылы сәуір айында Иан Гарднераны (20-3), сол жылдың қараша айында беларус Малик Дзиарраны (29-3) есептерімен ұтып шығады.  2009 жылдың 11 шілдеде алғашқы 12 раундтық шайқаста жаңа жұлдызы жанып, WBO сериясы бойынша бразильдік Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен 2 раунда тізе бүктіреді.  Кейінгі шайқаста, кезекті қанды моншаға ұқсап, ұтылмайтын Михаил Макаровты тәтті ұйқыға жібереді. 2010 жылдың желтоқсан айында WBA серияға сәйкес уақытылы Әлем Чемпионы атағы үшін колумбиялық Милтон Намезаны алғашқы раундтың өзінде ринг төсеміне қаты және мықты соққылар нәтижжесінде құлатып, атақа ие болады. Кейін WBA сериясы бойынша чемпион атанып, өзінің чемпиондық атағын 3 рет үлкен намыспен қорғап шығады.

Ендігі кезекте 2013 жылы АҚШ ең үлкен қалаларының бірі – Нью-Йоркте 19 желтоқсан жұлдызында Генаның бағы жанып, рингтің төсемін, өзінің үсті-басын, қарсыласының бетін быт-шыт қылып, үлкен бір қанды тартысты шайқаста тура бір қанды моншаға түскендей жеңіп шығады. Соққан жұдырықтары ойлаған жерге дәл тиіп, ұстанған тактикасы қарсыласын үлкен күйзеліске ұшыратып, әдемі бір бокс шайқасын әлемге паш етті. Осы кездесу арқасында ол өзіне маңдай алды термен, қызыл қанды жұдырықтармен, қиын әрі тартысты бокспен 350мың. $ өз қалтасына, ерең еңбегімен тапты. 

 

Келесі кездесуі осы жылдың жылы, шуақты көктем күндері өтпекші.  Генаға осы жолдан таймай, еліміздің көк байрағын жоғары желбіретіп, абырой, намыспен қорғап жүруіне тілектеспін. Әлемге Қазақстанның батырлары, намысшыл жігіттерінің қара күшін, әдемі әрі жоғары білікті тактикасын көрсете беріп, өзінің деңгейін өсіре берсін.  Осы бокс сериясында өткізген 25 кездесуінің барлығысын, оның ішінде 22 нокаутпен жеңіп шыққаны, WBA сериясына сәйкес Әлем Чемпионы, IBO белбеуінің иегері үлкен белестерден көрінетінің дәлелі. Біз отандастары ретінде әрқашан қолдау көрсетіп, қуанып, мақтан тұтып жүре берейік!!!



Бөлісу: