ГЕРМАНИЯ БАСПАСӨЗІ: Аксель Шпрингер хақында

Германия баспасөз концерндер қатарының алдыңғы орнын «АКСЕЛЬ – ШПРИНГЕР- ФЕРЛАГ» алады. XX ғасырдың екінші жартысында дәл осы концерн Германия баспасөзінің нақ шыңына айналды, оның негізін салушы Аксель Шпрингер 1912 жылдың 2 – мамыры күні «Альтонаэр Нахрихтен» газеті басшысының әулетінде дүние дидарын таныды. Аксель жастайынан осы салада машықтанып, ерте жастан өзін тәжірибелікте бағын сынап, басылымдардың редакторы сынды қызметтерін атқарды. Осындай қарқынмен, тума талант жолында емес, қателіктерін сан қайтара түзеп, жаңа қадамдарға, тәжірибелік жолында өз – өзін шыңдап отыруының арқасында, армандаған алпауыт «ШПРИНГЕР» концернінің жетістігіне алып келді. 1937 жылы «Альтонаэр Нахрихтен» газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарады, сонымен қатар аталмыш «Вольф» телеграф агенттігінде маманданады. Оқиғалар дүрбелеңі толастамай, тек шыңға жетелер әрекеттер орын алады. Шпрингер баспасөз концерінен мақсаты айқындалған, сапалы дерек – ақпараттарымен дербес, өзгеше журнал – газеттер жарық көре бастады. Шпрингер мақсат жолындағы біраз кедергілерге қарамастан, радиобағдарламалық «Хер Цу», «Нордвестдойче хефте» журналдарын шығаруға мүмкіндік алады. Жылдан – жылға тәжірибелілігі артып, 1948 жылдың күз айында «Аксель Шпрингер унд зон» баспасы құрылып, бұдан Шпрингердің «Гамбургер абендблат» атты күнделікті саяси газетінің шығуына алып келді. Шпрингердің ең алғашқы саяси көзқарасының бағытын анықтайтын газеті болатын. Аталмыш оқиға қайталанып, 1952 жылы осы баспадан «Бильд Цайтунг» атты аймақтық газет жарық көріп, ұлт беткеұстар газеттерінің бірі де бірегейіне айналды. Сонымен қатар, Шпрингер өзінің қол астына іскер, еңбекқор журналистерді жинай білген. Бұл – өте маңызды рөл атқаратын қағида, себебі, мықты қоғамы бар орта міндетті түрде соған сай жазбаларды дүниеге әкеледі, сәйкесінше бұл концерннің өркендеуіне, бірдей бір ұлттың баспасөзінің дамуына ықпал жасайды.

Концерннің ең ірі саяси акцияларының бірі 13 жылы 1961 тамызда айтылды, барлық баспа басылымдарын таратушыларға ГДР теледидар бағдарламаларын шығаратын басылымдарды «сатудан бас тарту туралы» талап қойылды. Бұл талаптан бас тартқан жағдайда, Шпрингер өзінің концернінің мерзімді басылымдарын "коммунистерге жанашыр" тарату желілеріне жеткізуді доғарамын деп қорқытты, бұл, әрине, осы дистрибьюторлардың сөзсіз банкроттығын білдіреді. Аксель Шпрингер өзінің саяси демаршаларын өз қаражатына және өз бастамасы бойынша өткізді. Axel Springer концерніне жұмысқа келген журналистер саяси экстремизмге қарсы, немістердің еврейлермен татуласуы, Израиль мемлекетінің өмір сүру құқығы және біртұтас Германияның демократиялық саяси жүйесін сақтау үшін күресуге міндеттенетін журналистік Хартияға қол қоюға міндетті. Осы тармақтардың әрқайсысы журналистер үшін өте маңызды.

Бір жыл өткеннен кейін, Шпрингер «Ни велть» газеті «Ни вельт - ферлаг» баспасын сатып алды.

Шпрингер империясының екінші өрлеуі 60 – жылдардың ортасында өз бастауын алды. Журнал шығару ісін қолына алған Шпрингер, бұрын – соңды болып көрмеген жаңалықтарды, тақырыптарды, мәселелерді көтеріп, Германия журнал баспасөз өміріне тың дүние алып келеді. Осы басылымдар қатарында «Хер Цу», «Бильд дер фрау», «Функ ур», «Ауто бильд» журналдарының шоқтығы биік болды. Шпрингер концерні бақылау аймағы кеңейіп, жексенбілік газеттердің 80 пайызына, журналдардың 16 пайызына бақылау жасайтын дәрежеге жетеді.

Аталмыш Шпрингер концернінің газеттері: «Гамбургер абендблат», «Бильд цайтунг», «Ни вельт», «Берлинер моргенпост», «Бэ - цет», газет типті апталықтар қатарына: «Хер Цу» (апталық), «Функ ур» (апталық), «Дас аргоне блат» (апталық), «Никкер» (апталық), «Биувельт» (апталық), «Эхо» (төрт тілде), «Адхезион» (айлық), «Шляйф унд полиртехник» (айлық).

Аксель Шпрингер баспасы баспаның флагманы – «Бильд» газетінің рекордтық шығарылымының арқасында Германияның әйелдер баспасөзі нарығында екінші орын алады. «Bild der Frau» деп аталатын әйелдер шығарылымы – «Билд дер фрау» ("әйелдер Бильд") апта сайын 1,5 миллион данамен шығады. Шпрингердің тағы бір басылымы – «Фюр ди фрау журналы» («әйел журналы») «классикалық әйелдер журналы» ретінде орналастырылған. 1995 жылдан шығатын «Аллегра» ай сайын Германиядағы қыздарға арналған ең көне журнал 1976 жылдан бастап «Мэдхен»(«қыз») баспасынан шыққан.

Шпрингердің төл ақпарат агенттігі де бар: «Шпрингер – аусланд сдинст» (САД).

Уақыт өте келе Шпрингер өз күш – қайратын теледидар саласына бағыттай бастайды, ол өзінің бұл саладағы іскерлігін 1969 жылдары білек сыбана кіріседі.

Қол астында білікті де білімді, табанды 2000 қызметкері бар, күніне 800 мың дана газет шығаратын Шпрингер концернінің жылдық таза табыс өнімі миллиард маркаға бағаланып отыр. Шпрингери мекемесінің филиалдары күні бүгінде әр елді мекендерде салынып, өз іс бағытында жүзеге асырылып жатыр.

Бұл салаға саналы ғұмырын арнаған Шпрингердің қаржылай көмегімен Берлинде журналистердің білімін жетілдіруге арналған институт жұмыс істейді. Сәйкесінше, Шпрингердің қол астынан өткен мамандар басқа елдердің полиграфия орталықтарында басшылық етуде.

1970 жылға таман Шпрингер концерні акционерлік қоғам болып қайта құрылады. 1985 жылы Аксель Шпрингер қайтыс болғаннан кейін акцияларының негізгі бөлігі жұбайы Фриде Шпрингердің иелігіне қарайды.

Шпрингер концернінің басқарма редакциясынан 12 журнал шығарылады. Басым бөлігі Германия кітапханасында басылады.

1994 жылдың аяғында Шпрингердің Гамбургтік баспасы «Кинг хит» журналын шығаруды тоқтатып, оның орнына бағдарламалық «ТВ - ной» журналын дүниеге әкелді. Газет – журналдардың өзара бәсекелестігі артып, жаңа басылымдардың шыға бастауына байланысты, соңғы уақыттарда Шпрингер баспасөз концерні де өз инвестициясын қысқарта бастады. Шетелде шығатын басылымдарының таралымы, айтарлықтай ауқымды, 10 276 761 дананы құрады.

Бүгінгі таңда Axel Springer AG -230-дан астам газет пен журнал, сондай-ақ 80-нен астам онлайн-ұсыныстар шығаратын Еуропадағы журналдар, газеттер және желілік БАҚ шығаратын ірі компаниялардың бірі. Сонымен қатар, «Аксель Шпрингер-Ферлаг»  (Axel Springer SE) — Германия, Франция, Испания, Ресей, Швейцария, Венгрия, Польша, Чехия және т.б. қоса алғанда, 32-ден астам елде 150-ден астам газеттер мен журналдар шығаратын еуропалық ірі баспа және медиаконцерндердің бірі.

Сөз соңын қорытындылай келе, арманы мен мақсатын айқындап, жастайынан бұқаралық ақпарат құралдарымен етене араласқан Аксель Шпрингер Германия баспасөзінің XX ғасырының екінші жртысында алпауыт империяға айналдырып қана қоймай, оның тыныс – тіршілін зерттеп білудің нағыз маманның қолынан сұранысы жоғары білімді де білікті, өз істерінің тапқырлары өсіп – өніп шықты.

 

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы

Журналистика факульететі, 2 - курс студенті

Жетекшілері: Майкотова Ғ.Т., ф.ғ.к., доцент 

Әлім Ә. А аға оқытушы 



Бөлісу: