Геннадий Бендицкий жаңа авторлық телебағдарламаның жүргізушісі.
блог
«Час Бендицкого» – бұл белгілі журналистік тергеулердің бейне нұсқалары. Бағдарламада қоғамды қызықтыратын шулы оқиғалар мен нақты айғақтар жарияланатын болады. Бағдарламаның ортасында – ең жанжалды оқиғалардың кейіпкерлері.
Бағдарламаның басты міндеті - Қазақстан азаматтарының әрқайсысы білуге құқығы бар, қоғамда болып жатқан жағдайлардың шындығын көрсету, белгісіз жайттар туралы ашып айту. Және бұл ескі шындық жаңа бағдарламаның ұраны болмақ.
Бағдат Қожахметов, «31 телеарнаның» Бас директоры:
«Геннадий Бендицкий – еліміздегі белгілі журналистердің бірі, біз оның жобасын 31 арнада қуана қарсы аламыз. Осы бағдарламаға беделді сарапшылар, саясаткерлер, көпшілік алдындағы адамдар, аналитиктер қатысады. Телеарнада осындай бағдарламаны шығару бұрыннан жоспарланған. Жүргізуші ретінде біз шын мәнінде кәсіби журналист, репортер, оқиғаның шынайы суретін көрсете алатын адамды көргіміз келді. Бендицкий – дәл сол адам! Ол көп уақыт журналистік тергеумен айналысып, жоғары нәтижелерге жеткен. Осы жанрда алдына жан салмайтын адам деп батыл айтуға болады. Бұрыннан теледидарда қызмет еткен Геннадий көптеген ақпараттық-аналитикалық бағдарламалардың басында тұрған, сондықтан да жоба өз көрерменін тауып, табысты болатынына сенімді».
Анықтама
Геннадий Бендицкий - «Алтын жұлдыз» сыйлығының және теледидардағы көптеген репортаждар мен бағдарламалар үшін елбасы сыйақысының, «Свобода» оппозициялық сыйақысының, Алтынбек Сарсенбаев қоры сыйақысының, сонымен қатар басқа да әйгілі журналистік тергеулері үшін Халықтық- демократиялық «Нұр Отан» партиясының «Мнение» номинациясының иегері.
Марат Асипов – көптеген медиа жобаларда топ-менеджер ретінде тәжірибесі аз емес, «Алтын Адам» - «Жылдың таңдауы» жарысының қорытындысы бойынша журналист атағына лайық болған.
Сапа Мекебаев – «Азиопия» сирек кездесетін сатиралық хрониканың авторы, «Алтын Адам» - «Жылдың таңдауы» жарысының қорытындысы бойынша, бүгінгі күнде Қазақстандағы журналист атағын екі рет алған жалғыз адам.
Толығырақ мәліметтерді «31 телеарнаның» Маркетинг департаментінен алуға болады:
PR – менеджер
Асель Тоянова
Tel. +7 727 315 29 40
Cell +7 701 266 94 84
e-mail a.toyanova@31.kz