Гедель немесе сенім теоремасы

     К.Гедель (1906-1978жж), атақты неміс логигі және математигі, 1970 ж. соңында математикалық-логика аргументтеріне сүйеніп, анықтама бойынша еш нәрсе құдайдан құдіреттірек болмайтынына сендіретін, құдайдың бар екені жайлы тезисті шығарды. Бұл теореманы "сенім теоремасы" деп те атайды. Оның дәлелдемек болған, құдайдың бар екені жайлы «онтологиялық аргументін», екі зерттеуші ғалым тағы да дәлелдеп шықты. Зерттеушілер Кристоф Бенцмюллер және Бруно Вольценлогель  MacBook дербес компьютері көмегімен Геделдің аргументтері математикалық тұрғыда дұрыс екенін көрсетіп берді.  

         Гедельдің діндар болғандығы тарихтан мәлім. Ал атақты Эйнштейн де Геделмен дос болғанын және оның да бір жаратушы күштің барлығына сенуіне де, осы досының ықпал еткені айтылады.  Сол сияқты бірқатар атеист ғалымдар осы теоремамен таныс болғаннан кейін, құдайға бет бұрғандықтары жайлы деректер бар.

            Мұсылман ғалымдарының тұжырымы бойынша, әр адам жүрегінің тума сипатымен(фитра), яғни таза сеніммен(мұсылман күйінде) туатынын айтады. Мұның мысалы, теңізде кемемен жүзіп келе жатқанда, жел тұрып теңіз тасқыны мен толқындарының кемені апатқа ұшыратуы бек мүмкін болғанда, сол кемедегі адамдардың сенімі тазарып, тек бір Аллаға ғана жалбарынып, көмекке шақыруы. Немесе осыған ұқсас барлық жағдай. Бірақ, оларды Алла құтқарғаннан кейін де, өздерінің бұрынғы кейпіне қайтып, Алланы ұмытып кетеді. Екі жүзділік сипат адамның өзін соңыра орға жығатынын білсе етті.

     Тумасында сенімі пәк баланы, әке-шешесінің тәрбиесі, оның атеист, кәпір немесе мүшірік болуына себеп болады дейді.

    Ал табиғаты былғанған талапсыз адамды сендіру еш мүмкін емес, тіптен оған айды екіге бөліп берсең де, небір дәлелдер келтірсең де сенбейді. Талабы бар адам ізденіс арқылы ақиқатты табады, түбі әр пенденің соңғы аялдамасы ислам діні.

     Сенетін адам ешбір дәлелді қажет етпейді. Кезіктіріп жатса, жүрегі одан бетер беки түседі. Ақыл иесі болуы себепті, адам баласының көркем түрде жаратылуы, ер мен әйелдің арасына сүйіспеншілік пен өзара махаббат салып қоюы, бала сүю, табиғаттың өз игілігіне берілгенін түсінуі, түрлі-түсті жеміс-жидектер мен дәнді-дақылдар,  көз қуантатын көркем табиғат, адамға үйретілетін төрт түлік мал мен олардың еті, сүті және терісінің киімге жарауы, күндізді адал еңбек ету, ал түнді демалыс етіп беруі.

     Тере берсе Алланың бізге берген нығметтерінің есебіне жете алмаймыз. Көзіміздің нығметінің өзі неге тұрады, ол болмаса не болар еді, ойлап көріңіз. Осының бәрін бізге силаған ұлық Аллаға сансыз мақтаулар мен шүкірлер болсын!

     Күйбең тіршілік пен пайдасыз тірліктер негізгі мақсатымызды ұмыттырып қоймасын. Ақиқатында әр адамға өлім келеді. Адамдар өмірге рет-ретімен келеді, бірақ ретсіз де кетеді. Ата-анасынан кейін балалары дүниеге келеді, бірақ ата-анасынан бұрын балаларының өмірден өтуі мүмкін. Өмірге не үшін келгенімізді де ойлап қояйық, құрметті ақыл иелері! 

 

сурет m1kle.ru сайтынан алынды.



Бөлісу: