Газы бар сусындар жылына 180 000 адамды өлтіреді

   Қазіргі кезде газы бар сусындар жүз мыңдаған адамдардың өліміне себепкер болып отыр.Мамандар сөзіне сенсек,олардың әсерінен қантты диабеттің екінші типі жедел түрде дамитын көрінеді.Жақында әлемде халық ең көп орналасқан 15 елінде зерттеу жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде,Мексикада 1 000 000 адамның 318-і (ең жоғары көрсеткіш), Жапонияда 1 000 000 адамның 10-ы (ең төменгі көрсеткіш) газды сусындардың әсерінен қаза болатындығы анықталған.
   Ал Бостондағы денсаулық сақтау ұйымының мамандары қант қосылған "Кока-кола" және "Фанта" сынды газды сусындар ұзақ уақытьқа созылатын аурулардың таралу қаупін тудырады деп отыр.Мысалы, диабет,жүрек аурулары және қатерлі ісік ауруларының пайда болуы мүмкін.Мамандар жүргізген зерттеу жұмыстары өте маңызды болғанымен, өлім себепкері сусын болып отырғандығы туралы нақты дәлелдер әлі күнге дейін ұсынылмай келеді.Сондықтан, мұндай сусындар әлі сатыла береді. Қалай болғанда да, аталған сусындардың дұрыс тамақтануға жатпайтындығын мойындау қажет...


Бөлісу: