Газеттің орнын интернет баса ала ма?

Газеттің орнын интернет баса ала ма?
жеке
блог

Рас, заман көші алға озған сайын электронды ақпарат құралдарының мүмкіндігі кеңейгенін мойындаймын. Бірақ қай елде болмасын технологиялық жетістік дәстүрлі құндылықтарға құрметпен қарап келгенін ұмытпау керек. Фотопарат пайда болғанда тұтас қоғам суретшілерден теріс айналған жоқ қой. Электронды БАҚ дамыды екен деп жұрт газет оқудан бас тарта ма? Мұндай әңгімені таратушыларды қысқа ойлылар болмаса журналистикаға іштарлықпен қараушылар деп қарастырған жөн шығар.

Интернеттің отаны саналатын Америкада да газет-журналдар көптеп шығуда. Олардың таралымы азая қойған жоқ. Есесіне уақытқа бейімделіп, газет-журналдардың сапасы арту үстінде. Америкада ХХ ғасырдың 60-шы жылдары пайда болған интернет журналистикамен тамыры тереңде жатқан баспасөз бәсекелесе отырып, өз жұмысын жалғастырып келеді.

Біздің интернет журналистикамыз Америкадан озып кетті деп айта алмаймын. Сол себепті, Қазақстанда жиырма-отыз жыл өтсе де баспасөз өз орнын сақтап қалады. Кезінде радио, телевидение шыққанда да газет-журналдардың тағдыры не болар екен деген күдікке толы сұрақтар көбейген. Алайда, интернет журналистика баспасөзді алмастыра алмайтынын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Ол да жаңа ақпарат құралы ретінде қатар өмір сүреді.