«Газет- халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт, басқа газеті бар жұрттардың қасында, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді.» Ал, керең, мылқау, соқыр халқы бар ел өзгелердің қалдығын жеп, шаңын жұтып, ақыры өзі де жұтылады.
Дамыған елдердің бірі- АҚШ. Ол неліктен қатты дамып кетті? Техникасы ма, әлде үлкендігі ме? Жоқ, бұл штаттардың тұлпарларының дара шабуына мұрындық бола алмайды. Сөйтсек, бұл құрамалар газет шығаруда әлемде теңдесі жоқ ел екен. Тіпті астымыздағы отты айдаһар да, үстіміздегі мықты аю да оларға тең келмейді екен.
Қанша құрамалардан құралған штаттардың берекесі төрінде, сәні сапасында, бірлігі базарында болуы бәлкім осы газеттен шығар?!