"Ғасырдан да ұзақ күн"

"Ғасырдан да ұзақ күн"
жеке
блог

Есейгім келмейді деп есімді жиып келе жатырмын.Кеше «қыздың жасын сұрамайтын»  жасқа келдім.Мәңгілік есте қаларлықтай болды. Түнгі он бір жарымнан құттықтаулар басталды.Бірінші,әкем звондады...кейін достарым,туыстарым,таныстарым. Таң атты.Басталды. Оқуға барғанда достарым сюрприз жасады.Бәрін жақсы көріп кеттім ғой. Сыйлықтары да ерекше болды.Кейін қыздармен жиналып коньки тебуге бардық.Міне,бәрі осыдан басталды. Негізі сырғанап жүрген адаммын ғой.Кенет,абайсызда құлап қалдым.Құлағанда да оңбай құлаппын-ау. Жерге басымның тигенін білемін,басқасы есімде жоқ.Көзімді ашсам,бәрі менің айналама жиналып қалыпты.Сондағысы ес-түссіз жатқаным 4-5-ақ секунд. «Басың қалай? Амансың ба? Мәәә,мынаның қолына қара!» осылай-осылай сұрақтар жалғаса берді.Орнымнан тұрғызғанда қолыма қарасам, коньки алақанымның үстін  оңдырмай кесіп кетіпті.Ішінен еті де,сүйегі де,тамыры да бәрі көрініп тұр.Қыздар дереу аптечкадан бинт алып,қолыма таңды. Мен жынды болсам,перчаткиімді киіп алып,қайта сырғанап кеттім. Біраз уақыт өткен соң үйге келдім де «мааам,бір нәрсе көрсетсем ұрыспайсыз ба?»  деп жыламсырап қолымды көрсеттім.Мамам шошығанннан мені  құшақтап: « жаным-ау,байқамайсың ба? Қашан болды? Мынауың жарамас,больницаға апару керек»- деп, скори шақырды да,папам,мамам,мен үшеуміз  жедел жәрдем орталығына бардық.Ол жердегілер қолыма қарап,мынаны біздер істей алмаймыз, №1 ауруханаға барыңдар деп,қала сыртына жіберді. Автобустар тоқтап қалған болатын,тоқтамаса да ол жаққа біз тұрған жерден  автобус бармайтын. Такси тоқтатайық  деп жол жиегіне тұрғанда папам бізден оза жүріп кетті. Мен қол көтердім де,артыма қарап «папа» деп айғайлай бергенім сол еді,мамам  «Коша» деп айғайлап,мені қолымнан тартып,құшақтап алғанда аспан жерге айналып түскендей болды ма,білмеймін,әйтеуір тасыр-түсір деп, бір дөңгелек алысқа домалап бара жатқанын көрдім.  Мамама « ішіңіз қалай,ішіңіз ауырмады ма?»  деп жылап тұрмын.Папам жүгіріп келіп,екеумізді  тез жаңағы жерден алып кетті.Жүріп бара жатып арқама қарасам екі машина соғысып қалыпты,біреуі екіншісінің быт-шытын шығарыпты,екі жүргізуші бір-бірімен жаға жыртысып жатыр.Мамам мені қолымнан тартып алмағанында, әлгі машина мені сүйреп кететіндей екен. Басқа таксиге мініп,больницаға қарай беттедік. Қолым сыздап жатыр,мен жылап отырмын,жылап отырмын. Телефон да тыным таппады,құттықтау хаттары, қоңыраулар...  Пырс-пырс етіп отырғанымда  ауруханаға жетіп те қалыппыз.Не болғанын  күзетшіге айтып,ішке кірдік те дәрігерлермен сөйлестік.  Терапевт жоқ екен,орнына медбрат мені ішке кіргізіп бірнәрсеге отырғызды. Кірген бөлмем тас қараңғы, жылтылдаған пышақ саптары  мен қайшы ұштары ғана көрінеді.Тарс-тарс еткізіп домалақ светтер (атын білмейді екем) жағып, басыңды қолыңа қой да төмен түсіріп отыр деді. Медбрат  укол  салмай жатып,алдын немен ауырғанымды,дәрілерге аллергиям бар ма,жоқ па деп бәрін  сұрап жатыр.-Қазір мен мынаны салғанда ұйықтап кетпе,менімен сөйлесіп отыр,-деп ескертті де,бір укол салды. Дым сезбей қалдым. «О,болды!» дегені сол еді,есіктен біреу кірді де « сөк мынаны» деді.

-Атың кім? Не болды? Мен  дәрігермін,жаңағы медбрат еді. Студент қой,жетінші курста оқиды. Мына тамырды көрдің ба? Қайта сені Құдай сақтап қалыпты.Шығып тұрған тамырыңа конькиің тисе бес саусағың бірдей істемей қалушы еді. Сен саспа,ауырмайды бұл. Ауырса айта ғой,жарай ма?

-Жарайды,-дедім.Қолыма гірш-гірш деп  бірнәрсе  кіріп жатыр. –Мата тіккедей тігіп отырсыз ғой...

-(күліп) Солай ма? Мата тікпеппін. Байқауымша ине жіпті көп ұстағансың-ау,тігінші сияқтысың ғой.

-Тіктік қой кезінде.

-Мектепте оқисың ба?

-Жоқ,университетте.

-Кім болып шығасың?

-...

-Кім?

-Айттым ғой.

-Рас па?!(бұл жолы айтқан сөзіме сенер-сенбестей таңырқаған кейіпте).

-Иә,рас.Не болды?

-Мен жақтырмайытын,тіпті, жек көретін мамандық десем де болады. Біздің елдегілердің жүзден сексен пайызы  билікке жағымпазданып жүргендер ғой, тура сөйлемейді.

-Бәрі емес қой.Бес саусақ бірдей емес.Оларға да жан керек. Сол жұмысы арқылы нан тауып отыр ғой.

- Нан тапқанда да адал жолмен табу керек емес пе?! Халықты алдап жеген нандары тамақтарынан қалай өтеді екен?!

-Дәрігерлердің қателіктерінен сал болып, емделемін дегендерді өлімше халге дейін жеткендері бар ғой.Қазір «сіздер» адамдардың жанын сататын болып кеттіңіздер ғой,тіпті о дүниеге прямой жіберіп жатқандарыңыз да бар араларыңызда. «Біздер» осыны айтсақ жақпаймыз,  мақтасақ  жағымпаздық  дейсіз.

-Сені адалдарынан болады деп үміттенемін,-деді де,-басыңды көтере бер,-деп,сыртқа шығып кетті.Қолыма қарасам уже тігіп тастапты. Ал мен сөзбен алданып отырып дымды да сезбедім. Тігісті көріп жылап жібердім-ау.Терімді тартып-тартып тастапты.

-Мынау жыртылып кетпейді ме? Битсем қан шығып жатыр ғой...-деп,медбратқа көзім жасаурап қарадым.

-Көп қимылдатпсаң жыртылмайды. Бірақ, ізі қалып қояды.

-Жарайды, «бас аман болса,шаш шығады» дейді. Бастысы тірімін ғой,-дедім де,дәрігер отырған кабинетке бардым. Медбрат  қолымның сыртына  бір нәрселер орап, қағаз жазып берді. Мамама әлгі дәрігер «қызыңыз батыл екен,дәл осы мінезінен таймаса бір жерді тіреп тұратын  болады»  деп, справка толтырып жатқанда жеке куәлігіме қарап «охоо,туылған күніңмен!Бұл күн сен үшін ұмытылмастай болды-ау. Енді абай бол!» деп күліп қояды.Сөйтіп  қолымды мойныма іліп шығарып салды.Үйге он екіден аса келдік. Келсек дастархан дайындап,залға шарлар іліп,группаластарым дайындаған плакаттарды қабырғаға іліп қонақтар бізді күтіп отыр екен. Тілектер айтылып,әпкем мен мамам дайындаған тәттілермен шәй ішіп,туылған күнді  түн ортасында тойладық.


Ертесіне студенттік емханаға  справка аштыруға барып,әрі қарай оқуға бардым.Дәрігер не болды дегенде,болғандардың бәрін айтып бердім. « Ауылың қай жақта? Айт маған. Ата-анаңның нөмерлерін бер. Қыздарың оқып жүрген жоқ, ойнаймын деп больницадан бірақ шықты деп айтамын. Сырғанай алмайтының бар,неменеге барасың? Қазақтың қыздары қашан  сондай жерлерге барып қыдыратын болған.Қазақ қыздары деген үйде отырған емес пе? Ал қазіргінің қыздары...» деп,шыны керек нервма тиді. Үндемедім.  Оқуға барсам «ойбу-ойбулап» езіліп тұрған жүрегімді одан сайын ауыртып жіберді ғой. Театрға барып жүрген едім,ағайға бүгін бара алмаймын деп сұранайын деп  «Қыз Жібекке»( «Қыз сыны»сияқты байқау ғой. Ағайым сонда кастинг жүргізеді)барсам,маған қарап күліп,акт залында қол бұлғап тұр. Бастапқыда мән бермедім.Жақындағанда байқадым, ағайдың да қолы гипстеулі екен.Залдағылар әбден күлді-ау. Екеуміз еще  аппақ қолдарымызды бір-бірімен соғыстырып қоямыз. Ол кісі футбол  ойнап жүріп құлаған екен. Бүгін оның да туылған күні. Ол: «айхай,25!» десе,мен: «қыздың жасын сұрамайды» деп  қалжыңдап қоямын.

P.S:  Денсаулықтың қадірін біле бермейміз . Бір күн ішінде  кәдімгідей қиналып кеттім ғой. Адамдардың аянышты көздері....Қазір мына постты бір қолмен тасыр-тұсыр етіп отырмын. Бір күнде екі өлімнен аман қалдым-ау,шүкір. Үп еткен желге үлбіреп тұратын жаным  қазір батылдана түскендей. Әншейінде,қит еткенге түңіліп, «өлгім келеді» дей беретінмін. Ажалмен тұспа-тұс келсең өмірдің не екенін  өзің-ақ түсініп аласың.  Таңертенгісін мамам: «сені ит қапқанда қорқып уақытыңнан бұрын босанып қойғанмын.Бұл жолы да солай болып қалады ма деп түні бойы ұйықтай алмадым» дегенде...нендей күйге түскенімді айта алмаймын.  «Бір түп алма ағашы» дегенді естуіңіз бар ма еді,дәл сондағы оқиғалар есіме түсіп,есімді тез жинадым.Сондай болмағанына шүкіршілік еттім.Мама,аман болыңызшы! Сізден де,одан да айырылудан қорқамын! Іштей қынжылып та кетемін.Біраз уақыт бұрын бір жанды қатты ренжітіп алған едім. Дәл қазір қасымда болса, ештеңе сезілмей кетер ма еді деп өзімше қиялдап қоямын. Жазмыш қой,қайтерсің?! Көзімді жұмсам, көз алдыма машинаның сүйреп бара жатқаны елестей береді. Олар да тоқтағандарына қатты  өкініп қалды-ау. Ендігісін бізді жерден алып,жерге салып қарғап та алған болар.Кім білсін?!

Бұл бір күн мен үшін жылға татыды,тіпті, «ғасырдан да ұзақ күн» болды десем артық болмас...